03.11.2011, 11:47 4051

Қытайдан Литваға бағыт алған "Сәуле" контейнерлік пойызы Қазақстан шекарасынан өтті

Қытайдан Литваға бағыт алған "Сәуле" контейнерлік пойызы Қазақстан шекарасын кешіп өтті, деп мәлім етті ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 3-қараша. Kazakhstan Today - Қытайдан Литваға бағыт алған "Сәуле" контейнерлік пойызы Қазақстан шекарасынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қытайдан Литваға бағыт алған "Сәуле" контейнерлік пойызы Қазақстан шекарасын кешіп өтті, деп мәлім етті ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Литва президентінің Қазақстанға ресми сапары және сауда-экономикалық серіктетстік жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Литва арасында мамандандырылған "Сәуле" контейнерлік пойызын жіберу жөнінде шешім қабылданды.

Осыған байланысты тараптардың көлік ведомстволары аталмыш пойыздың жөнелтілуін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады.

Қабылданған шешімдер негізінде, ағымдағы жылдың 28 қазанында Чунцинь қаласынан (ҚХР) Литва бағытында Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік пойыздың алғашқы құрылымы (ұйымдастыру техникасымен қамтылған 41 контейнер) жөнелтілді.

Бүгін аталмыш пойыз Қазақстан мемлекеттік шекарасын кешіп өтті (Достық стансасы). Барлығы, жол жүру уақыты - 10 тәулік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны