30.11.2017, 14:10 13055

Қызылорда облысы Шиелі кентінен индустриялық аймаққа 96 гектар жер берілді

Өӊірлік коммуникациялық қызметте өткен брифингте аудан әкімі Ишім Оразбекұлы хабарлағандай, бизнесті қолдау мақсатында Шиелі кентінен индустриялық аймаққа 96 гектар жер беріліп, жарықпен, сумен, жолмен қамтамасыз етілді. Өӊір үшін аса маӊызды 6 жобаға 62,5 гектар жер телімі табысталды.

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Шиелі ауданында 2017 жылы "KazChinNur" ЖШС-ніӊ жобалық құны 150 млн теӊгеніӊ шағылтас және құрылыс өнімдерін өндіру зауыты іске қосылып, 30 адам жұмыспен қамтылды.

Өӊірлік коммуникациялық қызметте өткен брифингте аудан әкімі Ишім Оразбекұлы хабарлағандай, бизнесті қолдау мақсатында Шиелі кентінен индустриялық аймаққа 96 гектар жер беріліп, жарықпен, сумен, жолмен қамтамасыз етілді. Өӊір үшін аса маӊызды 6 жобаға 62,5 гектар жер телімі табысталды.

Осы жыл соӊына дейін индустриялық аймақтағы "Шиелі жолшы" ЖШС-ніӊ "Асфальт бетон өндіру" зауытын іске қосу жоспарлануда.

- Туризм саласын дамыту бағытында ағымдағы жылы "BANAS" ЖШС "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасымен жобалық құны 150 млн теӊгені құрайтын "Керемет" сауықтыру кешені мен "Kids park" балаларға арналған ойын-сауық кешені салынып, 17 адам тұрақты жұмысқа орналасты,- деді аудан әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны