24.10.2017, 17:28 6662

Қызылорда облысында 90 882 гектар күріш алқабы орылып, 502 525 тонна өнім жиналды

Сыр диқандары биыл да күріштен мол өнім жинады. Облыстық ауылшаруашылық басқармасыныӊ мәліметінше 90 882 гектар күріш алқабы орылып, 502 525 тонна өнім жиналды.

Қызылорда. 24 қазан. Kazakhstan Today - Сыр диқандары биыл да күріштен мол өнім жинады. Облыстық ауылшаруашылық басқармасыныӊ мәліметінше 90 882 гектар күріш алқабы орылып, 502 525 тонна өнім жиналды.

- Биыл күн райына байланысты егіс жұмыстары да, соған сәйкес күзгі науқан да жылдағыдан кештеу басталды,- дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасыныӊ басшысы Бақыт Жаханов. - Соған қарамастан өнімді жауын-шашынға ұрындырмай жинап алдық. Бүгінде облыс диқандары жарты млн тоннадан астам өнімді қамбаға құйып алды. Бұл былтырғы жыл көрсеткішінен 20 %дай артық.

Қармақшыдағы "Ақтөбе и К" серіктестігі егін науқанын алғашқылардыӊ бірі болып аяқтаған еӊбек ұжымы. Осыдан екі апта бұрын алқаптағы жұмыстарды тиянақтаған ұжым биыл 1875 гектарға күріш еккен. Сонымен қатар, 100 гектарға ирандық Таром Хошими сортын тәжірибе ретінде отырғызды.

- Бізде осы өӊірде жиі егілетін Лидер сортыныӊ өнімі гектарына 70 центнерден айналды, - дейді "Ақтөбе и К" ЖШС басшысы Нұрлан Іздібаев. - Ал ирандық сортты тәжірибе реніде ектік. Шығымы жаман емес, алда да жалғастыратын ойымыз бар. Таром Хошимидіӊ негізгі тұтынушысы Иран елі. Ай соӊында осы елге 60 тонна өнім жібереміз.

Серіктестік 300 млн теӊгеге Оӊтүстік Кореядан шыққан күріш өӊдеу зауытын да сатып алған. Оныӊ 15 %ын өздері төлесе, қалғанын "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржысыныӊ есебінен өтеді.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасы мамандары аймақ бойынша күріштіӊ әр гектарынан 70 центнерден өнім жиналғанын айтады. Ал "Достық-жер-МК" ЖШС, "Жаӊажол"шаруашылығы диқандары 80-82 гектардан өнім алды.

- Ауылшаруашылық құрылымдарын мемлекет қолдауы арқасында соӊғы жылдары өӊірде шаруашылықтардыӊ техникалық паркі жаӊара түсті. Жер өӊдеу жұмыстары да жолға қойылып, шаруалар өнімді сорттарға ден қоя бастады, - дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасыныӊ басшысы Бақыт Жаханов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны