22.08.2016, 13:14 3385

Қызылорда облысында астық жинау науқаны аяқталды

Қызылорда облысында астық жинау науқаны аяқталды, деп хабарлады облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында астық жинау науқаны аяқталды, деп хабарлады облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Биыл облыс бойынша барлығы 168,5 мыӊ гектар жерге дән егілді. Бүгінгі таӊда бидай, жоӊышқа мен сұлы жиналып болды. Аталмыш дақылдардан өткен жылға қарағанда мол өнім алдық. Биыл күріштен де гектарынан 55 центнерден өнім аламыз деп жоспарлаудамыз. Күздік бидай әр гектарынан - 15,7 центнерден, көктемгі бидай - 14,9 центнерден ал жоӊышқа - 14,7 центнерден жиналды. Мұныӊ барлығы ала жаздайғы шаруалардыӊ еӊбегініӊ жемісі.

Биыл 79,6 мыӊ гектар жерге егілген күріштіӊ 60,5 мыӊ гектары жақсы, ал 16,7 мыӊ гектары орташа деп бағаланып отыр. Қазіргі таӊда барлық күріш алқаптары өнімді жинауға дайын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны