26.09.2017, 17:42 4663

Қызылорда облысында биылғы жылдыӊ 8 айында шоғырландырылған бюджетке түсім 37,6 млрд.теӊгеге артқан

Қосымша резерв көздерінен бюджет 5,4 млрд.теӊгеге толықты. Салықтық тексерулер (128 кешенді және тақырыптық) нәтижесінде 3,5 млрд.теӊгеніӊ қосымша салықтары есептелді, камералық бақылау қорытындысымен қосымша 1,7 млрд. өндірілді, - дейді департамент басшысы.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Соӊғы жылдары Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемі төмендеп, ірі инвестициялық жобалар азайып келеді. Бюджет кірісініӊ өсу қарқыны ішкі өӊірлік өнім көрсеткішіне қарағанда 2015 жылы 6,6% болса, 2016 жылы - 7,2% жетті. Бұл туралы Өӊірлік коммуникация қызметінде өткен юрифингте мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы С.Мұстафаев мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша биылғы жылдыӊ 8 айында да өсім қарқыны сақталуда. Шоғырландырылған бюджетке түсім өткен жылдыӊ осындай уақытымен салыстырғанда, 37,6 млрд.теӊгеге (36,1 пайызға) артқан.

- Департамент мемлекет қазынасына 8 айда 141,4 млрд.теӊгеніӊ түсімін қамтамасыз етті, республикалық бюджет жоспары 111,3 пайызға, жергілікті бюджет жоспары 117,7 пайызға орындалды. Қосымша резерв көздерінен бюджет 5,4 млрд.теӊгеге толықты. Салықтық тексерулер (128 кешенді және тақырыптық) нәтижесінде 3,5 млрд.теӊгеніӊ қосымша салықтары есептелді, камералық бақылау қорытындысымен қосымша 1,7 млрд. өндірілді, - дейді департамент басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны