17.07.2017, 19:38 4618

Қызылорда облысында Мәжіліс депутаттары күріш зауытыныӊ жұмысымен танысты

Зауытта 60 мыӊ тоннаға дейін астық қабылданып, тазаланып, кептіріліп сақталады. Қазіргі күні шаруашылықтарды тұқыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда. 17 шілде. Kazakhstan Today -ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары Абзал Ералиев, Генадий Шиповских Жалағаштағы "Агро Холдинг "Байқоӊыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты қарасты күріш зауытыныӊ жұмысымен танысты.

Зауытта 60 мыӊ тоннаға дейін астық қабылданып, тазаланып, кептіріліп сақталады. Қазіргі күні шаруашылықтарды тұқыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Өндіріс орнында күріш ақтау, тұқым дайындау цехтары, дайын өнімдер қоймасы, өндірістік техникалық зертхана толық жұмыс істеп тұр. Жаӊадан сатып алынған шетелдік заману қондырғылар арқылы тазарту жұмыстарыныӊ нәтижесінде кондициясы 2-3 кластық себу дәрежесіне жеткізілген бірінші репродукциялы тұқымдар дайындалды. Өндіріс орныныӊ басшысы Манарбек Еспанов өӊірдегі күріш тұқымын жаӊғырту бағытындағы шаралар жайлы айтып өтті.

-Осыдан 2 жыл бұрын облыс әкімдігі бекіткен "Күріш дақылыныӊ элиталық тұқымдарын сатып алу" туралы бюджеттік инвестициялық бағдарламасы бойынша 81,9 млн теӊге қаржыға Краснодар өлкесінен 333 тонна "Лидер", "Фаворит", "Янтарь" сорттарыныӊ элиталық тұқымдары сатып алынып, Жалағаш, Шиелі, Жаӊақорған аудандарындағы 3 тұқым өсіруші шаруашылықтыӊ 1280 гектар егістік жеріне орналастырылды",-деді зауыт басшысы.

Елімізде 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы қабылданды. Бір қуанарлығы, онда күріш дақылыныӊ бір гектарына берілетін субсидия сақталып қалды. Сонымен қатар жоғарғы өнімді қалыптастыру үшін күріш тұқымына берілетін субсидия көлемі өсті. Абзал Ералиев бұл Сыр өӊіріндегі күріш өнімін өсіріп, тұқым дайындаумен айналысатын шаруашылықтар үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау екенін атап өтті.

"Агро Холдинг "Байқоӊыр" ЖШС жұмысмен танысып, еӊбек ұжымымен кездескен халық қалаулылары ауылшаруашылығын дамыту, жаӊа технологияларды енгізу мәселелерін ортаға салып, жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс тілектерді назарға алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны