11.02.2014, 19:02 3174

Қызылорда облысының әкімі өңірде коммуналдық кәсіпорын холдингін құруды ұсынды

Аппараттың алқа мәжілісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірде коммуналдық кәсіпорынның холдингін құруды ұсынды.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Аппараттың алқа мәжілісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірде коммуналдық кәсіпорынның холдингін құруды ұсынды.

"Тұрғындар мен түрлі мекемелердің коммуналдық кәсіпорындардың алдындағы берешегі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайғандығын облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарамасының басшысы Ержан Ибдіхалықов мәлімдеді. Қарыздың толық өтелуі үшін арнайы кесте құрылып, сол бойынша коммуналдық кәсіпкерліктердің өзара қарызы 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін жабылуы керек", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев энергетикалық консорциумның ойдағыдай жұмыс жасамай жатқандығын айта кетіп, коммуналдық қарыздарды азайтуға осы консорциум мүдделі болуы қажеттігін мәлімдеді.

Айта кетейік, коммуналдық қызметке берешек екі есеге азайғанымен, жыл басынан бері 35 пайызға артып кеткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны