Система Orphus

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданындағы бір серіктестік биыл 3200 гектарға күріш екті

13.07.2017, 15:30 2148

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданындағы "Жаӊажол" ЖШС аймақтағы іргелі ауылшаруашылық құрылымдарыныӊ бірі. Серіктестік биыл 3200 гектарға күріш егіп, дихандар қазір соны күтіп-баптауда, деп хабарлайды "Кызылординские вести" газеті.

Серіктестік былтыр жыл қорытындысына орай "Үздік шаруашылық" номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Ир науқанға дайындықты техникасын сайлап, жерін баптаудан бастайтын шаруашылық дихандары ғылым мен өндірісті қатар алып жүреді десе де болғандай. Жылма-жыл семинарлар ұйымдастырып, егіс көлемін молайтуда ғалымдар кеӊесіне сүйенеді.

Егісті әртараптандыруды да ұмыт қалдырмаған шаруашылық биыл күрішпен қатар 50 гектарға бидай, 40 гектар мақсары, мыӊ гектардыӊ үстінде жоӊышқа егіп отыр.

Биылғы егін науқанына төрт жүздей ауыл тұрғыны мен ондаған комбайн, отызға тарта арнайы техника жұмылдыру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны

Серіктестердің жаңалықтары