31.03.2017, 21:13 10160

Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіпкерлік нысандарын газдандыру, сондай-ақ бизнес өкілдерініӊ аталмыш салаға қатысты проблемалары талқыланды

Атап айтқанда, бұған дейін Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасына аймақтағы газ саласындағы жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын бірқатар мекемелер тарапынан "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда Өндірістік филиалымен тиісті тауар нарығында өзініӊ үстем немесе монополиялық жағдайды пайдаланып, өзге кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысатын тұлғаларға кедергі жасалатындығын айтып, шағымданған болатын.

Қызылорда. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында "Атамекен" ҰКП-ныӊ Кәсіпкерлердіӊ құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеӊесініӊ көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан кәсіпкерлерініӊ құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, Кәсіпкерлердіӊ құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеӊес төрағасы Қайырбек Сүлейменов, тиісті сала басшылары мен аймақ кәсіпкерлері қатысты.

Кеӊесте Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіпкерлік нысандарын газдандыру, сондай-ақ бизнес өкілдерініӊ аталмыш салаға қатысты проблемалары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландыруға қатысты мәселелер талқыланды. Өтініштерін мемлекеттік органдар қарау барысында кәсіпкерлер құқықтарыныӊ қорғалуына қатысты прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігініӊ облыстық департаменті қабылдаған шаралар жайы әӊгімеленді.

Кеӊесте өткір талқыланған мәселеніӊ бірі - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан өндірістік филиалдарыныӊ жұмысына қатысты болды.

Атап айтқанда, бұған дейін Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасына аймақтағы газ саласындағы жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын бірқатар мекемелер тарапынан "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда Өндірістік филиалымен тиісті тауар нарығында өзініӊ үстем немесе монополиялық жағдайды пайдаланып, өзге кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысатын тұлғаларға кедергі жасалатындығын айтып, шағымданған болатын.

Мұндай мәселе Оӊтүстік Қазақстан облысына да тән болып шықты. Бұл жөнінде Кеӊес отырысында Оӊтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорыныӊ орынбасары Ғазизбек Нәтбаев пен шымкенттік кәсіпкерлер де айтты.

Отырыста қызылордалық бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасыныӊ араласуымен аталмыш мәселе бірнеше рет талқыланып, ортақ келісімге келгендіктерін жеткізді.

Ал республикалық кеӊес мүшелері аталмыш мәселеге қатысты бітімгершілік комиссия құрып, жан-жақты зерттеп, шілде айында өткізілетін Кеӊестіӊ келесі отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны