15.05.2017, 13:50 4424

Қызылордада "Bastau Бизнес" жобасы аясында жалпы құны 517 млн.300 мыӊ теӊгені құрайтын 103 жоба қорғалды

"Bastau Бизнес" жобасына қатысуда қызылордалықтардыӊ белсенділігі жоғары болды. Бірінші кезеӊніӊ еӊ жас қатысушысы 20 жаста болса, егдесі 60-та.

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада "Bastau Бизнес" жобасы аясында облыстық комиссия алдында жалпы құны 517 млн.300 мыӊ теӊгені құрайтын 103 жоба қорғалды.

Айта кету керек, аталмыш жобаға биыл пилоттық режимде облысқа қарасты 5: Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаӊақорған аудандарыныӊ тұрғындары қатысуда. Алғашында тестілеу кезеӊіне 5 ауданнан 229 адам қатысып оныӊ 228-і өткен болатын. Соныӊ ішінде 175-і оқуға ниет білдіріп, айлық оқу барысында 104-і облыстық комиссия алдында жобасын қорғауға жолдама алды.

Облыстық комиссия алдында жобасын қорғағандардыӊ бірі қазалылық жас кәсіпкер Айнұр Найыпова.

"Сән саласында қызмет жасап жүргеніме 7 жылдан асты. Бұл салада жан-жақты тәжірибе жинап алған соӊ өзімніӊ жеке кәсібімді аштым. Екі жыл болды қазір өзімніӊ сұлулық салоным бар. Осы жобаға қатысу арқылы кәсібімді кеӊейткім келеді. Бір айлық оқу барысында кәсіпкерлік саласындағы біліктілігімді жетілдірдім. Облыстық комиссия алдында да бизнес-жоспарымды сәтті қорғадым деп ойлаймын. Қазір қарамағымда 4 адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жобам қаржыландырылса қосымша 10 жаӊа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмын", - дейді Айнұр.

"Bastau Бизнес" жобасына қатысуда қызылордалықтардыӊ белсенділігі жоғары болды. Бірінші кезеӊніӊ еӊ жас қатысушысы 20 жаста болса, егдесі 60-та.

"Облыстық комиссия алдында жобасын қорғаған бұл азаматтар алғашқы топтыӊ "толқыны". Жыл соӊына дейін 1000-ға жуық азаматты "Bastau Бизнес" жобасы аясында оқытуды жоспарлап отырмыз. Соӊғы облыстық комиссия алдына келген азаматтар барлық кезеӊнен сүрінбей өткен, кәсіпкерлікпен айналысуға әлеуеті бар қызылордалықтар. Көӊіл қуантарлығы, жобаға қатысуда жас та жасамыс та белсенділік танытты", - дейді Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Облыстық комиссия алдында қорғалған 103 жобаныӊ 83-і (жалпы құны 418,5 млн.теӊге) ауыл шаруашылығы саласына қатысты, 21-і (98,75 млн.теӊге) қызмет көрсету саласы бойынша.

"Жобаға қатысушыларды оқыту барысында түрлі идеялар айтылды. Соныӊ ішінде ерекше жоба ретінде "Антикафе" ашуды жоспарлап отырған азаматтыӊ бизнес-жоспарын айта аламын. Аталмыш жоба арқылы жас кәсіпкер жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттағысы келеді. Ирине, жоба әлеуметтік. Дегенмен кәсіп ретінде пайда табуды да жоспарлап отыр", - дейді Қазалы ауданыныӊ бизнес-тренері Аманкелді Жарылқағанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны