20.06.2014, 20:07 3548

Қызылордада газ саласына қатысты форум өтті

Еліміздегі газдың қоры 4 триллион текше метр шамасында. Жылына қазақстандықтар шамамен 18 миллиард текше метр көгілдір отын тұтынады.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. Қызылордада "Қазақстанның газ саласы дамуының келешегі" атты форум өтті.

Форумда облыс орталығын ғана емес, аудандарды да үздіксіз экологиялық қауіпсіз көгілдір отынмен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар қаралды, деп мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздегі газдың қоры 4 триллион текше метр шамасында. Жылына қазақстандықтар шамамен 18 миллиард текше метр көгілдір отын тұтынады.

ҚР Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Қызылорда облысының газ жөнінде келешегі зор, өйткені осы жақта екі үлкен жоба іске асыру жоспарланған. "LNG" - сұйытылған газ шығаруға және "GTL" - дизель отынын шығаруға арналған зауыттар салынбақ.

"Осы жобалар іске асырылса, өндіріске жаңа инновациялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылып және жергілікті бюджетке қосымша салық түседі", деп атап өтті вице-министр.

Қызылорда облысын газификациялау бойынша жоспарда енді Арал, Казалы аудандары мен Байқоңыр қаласы кезекте тұр.

Ағымдағы жылы Мұнай және газ министрлігінің қолдауымен Ақтау, Атырау, Орал және Қызылорда қалаларында мұнай-газ форумдары өткізілді.

Аймақтық мұнай-газ форумдары Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының ХІ форумын өткізу үшін алдын-ала дайындық алаңы болмақ.

Екатеринбург қаласында өткен Х қазақстан-ресей форумында Мемлекет басшысының бастамасымен 2014 жылы осындай кездесуді "Көмірсутегі саласындағы инновация" тақырыбымен алдағы күзде Атырау қаласында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны