05.09.2016, 11:18 2575

Қызылордадағы жаӊа шағын ауданыныӊ инфрақұрылымына 9,5 млрд теӊге бөлiндi

"Биыл Қызылорда қаласында бiр мезетте 6 600 азаматқа жер телiмi берiлдi. Болашақта осы аумақта "Бәйтерек" шағын ауданы бой көтередi. Бұл жерге 36 мыӊ адам қоныстанатын болады. "Бәйтерек" шағын ауданыныӊ инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 9,5 млрд теӊге қаражат бөлiндi.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордадағы "Бәйтерек" шағын ауданыныӊ инфрақұрылымына 9,5 млрд теӊге бөлiндi. Бұл туралы облыс әкiмiнiӊ орынбасары Руслан Рүстемов "Қазақстан Тәуелсiздiгiнiӊ 25 жылдығына орай Астанада "Қуатты өӊiр - қуатты Қазақстан" атты өӊiрлердiӊ күндерiн өткiзу аясында Қызылорда облысыныӊ күндерi" деген тақырыпта өткен ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi.

"Биыл Қызылорда қаласында бiр мезетте 6 600 азаматқа жер телiмi берiлдi. Болашақта осы аумақта "Бәйтерек" шағын ауданы бой көтередi. Бұл жерге 36 мыӊ адам қоныстанатын болады. "Бәйтерек" шағын ауданыныӊ инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 9,5 млрд теӊге қаражат бөлiндi. Осы қаражатқа аталған аумаққа ауыз су, газ, тағы да басқа инженерлiк инфрақұрылымдар тартылады", - дедi Р.Рүстемов.

Оныӊ айтуынша, Қызылорда облысында әлеуметтiк-экономикалық бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Атап өтсек, 3-4 қыркүйекте Астанадағы Қызылорда облысы күндерi аясында елордалықтар мен қала қонақтарына ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiӊ жәрмеӊкесi, өӊiр жетiстiктерiн насихаттайтын көрмелер мен шығармашылық ұйымдардыӊ концерттiк бағдарламалары ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны