29.07.2016, 21:28 5070

Қызылордалық күріш елордаға жеткізіледі

Елордада әлеуметтік маӊызды тауарлардыӊ бағасын ұстап қалу бойынша жүргізілетін шаралар аясында Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин және Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары Серік Қожаниязов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астана. 29 шілде. Kazakhstan Today - Демалыс күндері Қызылорда облысынан Астанаға күріш жеткізіле бастайды. «Думан» ОО, Қ. Мұӊайтпасов атындағы стадион (Кенесары көшесі, 14) және Б. Момышұлы даӊғылындағы Оқушылар сарайыныӊ жанындағы тұрақтарда өтетін ауыл шаруашылық жәрмеӊкелерінде 1 кг үшін 175 теӊгеден 20 тонна күріш сатылатын болады.
Елордада әлеуметтік маӊызды тауарлардыӊ бағасын ұстап қалу бойынша жүргізілетін шаралар аясында Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин және Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары Серік Қожаниязов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Еске салайық, ауыл шаруашылық жәрмеӊкелері «Думан» ОО, Қ. Мұӊайтпасов атындағы стадион (Кенесары көшесі, 14) және Б. Момышұлы даӊғылындағы Оқушылар сарайыныӊ жанындағы тұрақтарда, Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 38 «Дастан» СҮ, №188 көше 14 үй және Пригородный тұрғын алабында күн сайын өткізілетін болады. Сонымен қатар, тұрғын үйлердіӊ аулаларында әлеуметтік маӊызды тауарлар сатуға арналған 50 орын жасалады.
Мұнымен қоса, 30-31 шілдеде Б. Момышұлы даӊғылындағы Оқушылар сарайыныӊ тұрағында Алматы облысы тауарөндірушілерініӊ қатысуымен аймақтық жәрмеӊке өтеді. Жәрмеӊке барысында 324 тонна өнім: тауық еті, балық, сүт пен көкөніс, бал және т.б. өнімдер төмен бағамен сатылады.И


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны