09.01.2012, 14:21 3915

ҚМГ БӨ 2011 жылы шығарған мұнай көлемі 7 пайызға төмен

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ "Қазгермұнай" БК" ЖШС, "Қаражанбасмұнай" (CCEL), "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2011 жылы 12 341 мың тонна мұнай (тәулігіне 250 мың баррель) өндірді, бұл 2010 жылдағыдан 944 мың тоннаға немесе 7 пайызға кем. Бұл туралы 2011 жылдың операциялық нәтижелерін жариялаған аталған компанияның ақпараттық хабарламасында айтылған.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ 2011 жылы шығарған мұнай көлемі 7 пайызға төмен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ "Қазгермұнай" БК" ЖШС, "Қаражанбасмұнай" (CCEL), "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2011 жылы 12 341 мың тонна мұнай (тәулігіне 250 мың баррель) өндірді, бұл 2010 жылдағыдан 944 мың тоннаға немесе 7 пайызға кем. Бұл туралы 2011 жылдың операциялық нәтижелерін жариялаған аталған компанияның ақпараттық хабарламасында айтылған.

"Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалы (ӨМГ) 5 082 мың тонна (тәулігіне 102 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдағыдан 884 мың тоннаға аз. "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалы (ЕМГ) 2 818 мың тонна (тәулігіне 57 мың тонна) мұнай өндірді, бұл өткен жылдағыдан 18 мың тоннаға артық, соның арқасында 2011 жылы ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 7 900 мың тоннаны (тәулігіне 159 мың баррель) құрады, бұл 2010 жылдағыдан 866 мың тоннаға немесе 10 пайызға кем", - делінген хабарламада.

Компания баспасөз қызметінің атап өтуінше, өндіру нәтижелеріне 2011 жылдың мамыр-тамыз айларында ӨМГ-де өткен заңсыз наразылық акциясы, сондай-ақ ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауа-райының қолайсыздығынан кен орындарында электр қуатын беруді шектеу, апатты сөну жағдайлары кері әсер етті. Компания мұнай өндіруді қалпына келтіру жөнінде бірқатар шараларды қолға алды, соның арқасында тәуліктік мұнай өндіру деңгейінің өсу қарқыны байқалады, 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мұнай өндіру деңгейі тәулігіне 14,2 мың тоннаны (тәулігіне 105 мың баррель) құрайды.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 2011 жылы 4 442 мың тоннаны (тәулігіне 91 мың баррель) құрады, бұл аталған бірлескен кәсіпорындардағы өндіру жоспарына сәйкес 2010 жылдағы өндіру көлемімен салыстырғанда, 78 мың тоннаға немесе 2 пайызға аз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны