09.11.2012, 11:56 2749

ҚМГ БӨ, MOL Hungarian Oil and Gas Plc. және First International Oil Company өндіріс мамандарын Венгрияда оқытады

"Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру АҚ (ҚМГ БӨ) MOL Hungarian Oil and Gas Plc. және First International Oil Company (FIOC) компанияларымен біріге отырып, "Урал Ойл энд Газ" ЖШС мұнай-газ жобасына өндірістік қызметкерлерді дайындау бағдарламасын іске асырады.

Астана. 9-қараша. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ, MOL Hungarian Oil and Gas Plc. және First International Oil Company өндіріс мамандарын Венгрияда оқытады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру АҚ (ҚМГ БӨ) MOL Hungarian Oil and Gas Plc. және First International Oil Company (FIOC) компанияларымен біріге отырып, "Урал Ойл энд Газ" ЖШС мұнай-газ жобасына өндірістік қызметкерлерді дайындау бағдарламасын іске асырады. Бағдарлама бойынша жас мамандар Венгрияның жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарында білім алады. Биыл 12 адам Будапешт технология және экономика университеті мен Мишкольц университетінде оқуға стипендия алады.

Бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-ін жоғарғы квалификациялы мамандармен қамтамасыз ету. Оқуды тәмамдаған соң стипендиаттар "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-де төмендегі мамандықтар бойынша қызмет етеді: инженер-технолог, техникалық қызмет көрсету инженері, инженер-электрик, бұрғылау және ұңғыларды жөндеу инженері, игеру жөніндегі инженер, өндіру жөніндегі инженер. Бағдарламаға қатысушылар оқудан қайтып келген соң "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-де кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуге міндетті.

Стипендиаттарды "Урал Ойл энд Газ" ЖШС мен Венгриялық жоғарғы оқу орындарының өкілдері іріктеп алған. Жеңімпаздардың орташа жасы - 25-26 жас. Олардың барлығы бакалавр дәрежесіне ие, және бағдарлама талабына сай өз мамандығы бойынша кем дегенде 2 жыл жұмыс жасаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны