08.07.2014, 20:52 3308

Көкшетауда Қазақстан-Беларусь инвестжобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Бүгінде 6 га жер телімі бөлінді және жобалық құжатнама мемлекеттік сараптаудан өтуде. Сонымен қатар, нысанның құрылысыда жүргізілуде, дайындық 35% құрап отыр. Қазіргі таңда жобаға 4 млн. доллардан астам қаражат құйылды. Құрылыстың бірінші кезегі ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Көкшетаудағы Қазақстан-Беларусь индустриялық-техникалық парктің құрылысын Ақмола облысының әкімі С. Кулагин Қазақстандағы Беларусь Төтенше және Өкілетті елшісі А.Ничкасовпен кездесу барысында талқылады.

Қазақстан мен Беларусь бірлескен жоба "Қазақстандық Агро Инновациалық Корпорация" ЖШС жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріліп отырған өнімді арттыруға, тауарды Таяу Шығыс елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінде 6 га жер телімі бөлінді және жобалық құжатнама мемлекеттік сараптаудан өтуде.

Сонымен қатар, нысанның құрылысыда жүргізілуде, дайындық 35% құрап отыр. Қазіргі таңда жобаға 4 млн. доллардан астам қаражат құйылды. Құрылыстың бірінші кезегі ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Бұдан басқа, келелі кездесу барысында машинақұрылысы, коммуналды, құрылыс техникасы және жиһаз өндірісі саласында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны