18.01.2007, 13:58 2507

Көлік және коммуникациялар министрлігі ұшақтарды сатып алу үшін зейнетақы жинақтаушы қорлардың қаржысын пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникациялар министрлігі ұшақтарды сатып алу үшін зейнетақы жинақтаушы қорлардың қаржысын пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі азаматтық авиация комитетінің салалық жиынында комитет төрағасы Ерлан Қошанов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз жаңа ұшақтарды "Қазавиализинг" АҚ арқылы не республикалық бюджет қаржысының, немесе, бюджеттен тысқары көздердің есебінен сатып алуды ұсынамыз",- деді Е.Қошанов. "Ең тартымдысы - зейнетақы жинақтаушы қорлардың қаржысын пайдалану болмақ. Біз ол үшін арнаулы схеманы ойлап таптық. Ол жуырда мүдделі мекемелерге жолданады",- деді ол.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасының айтуынша, ұшақтарды сатып алуды қаржыландыру үлгілерін дәйектеу үшін "мүдделі министрліктер мен "Қазына" АҚ-ның өкілдерінен жұмыс тобын құру орынды". Сонымен бірге, Е.Қошановтың пікірінше, "ұшақтар паркін жаңалау жаңа ұшақтар үшін кедендік баж салығын алмау тәртібін қолдануға септігін тигізеді".

Сонымен бірге ол "тұрақты әуе желілерінде қолданылып жатқан ескірген ұшақтарды пайдалану аясынан шығару мәселесін түбегейлі шешу үшін және әуе тасымалына деген сұраныстың өсуіне байланысты қосымша аймақтық бағыттарда істетйін 6-9 ұшақ қажет" екенін жеткізді. "Өкінішке орай, отандық әуе компанияларының басым бөлігінде өз қаржысы есебінен ұшақтар паркін жаңалауға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті олар мемлекеттік мекемелерден қолдау күтеді",- деді Е.Қошанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны