16.03.2020, 17:49 6375

Коронавирустың алдын алу бойынша шаралар жүргізу кезіндегі еңбек қызметінің ерекшеліктері

Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта қарастырылған болса, бос тұрып қалу уақытындағы жалақы ең төменгі жалақыдан жоғары болуы мүмкін.

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №19 бұйрығына сәйкес үйде карантин кезеңінде қызметкерлерге медициналық ұйымдарға бармай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы рәсімделеді.

Сонымен қатар, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде жеке ұйымдардың қызметі шектелген.

Мұндай жағдайда, еңбек заңнамасында жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асырудың әртүрлі тетіктері қарастырылған, соның ішінде толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтықтан жұмыс жасау, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және т.б.

Мысалы, тараптардың келісім бойынша және өндірістік процесс мүмкіндік берсе, карантин кезеңінде жұмыс беруші қашықтан орындалатын жұмыс белгілеуі мүмкін.

Бұл ретте жұмыс жағдайлары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар мен еңбекақы тараптардың келісімі бойынша (жұмыс берушінің актісінде және еңбек шартында) белгіленеді, ал жалақы жұмыскердің нақты жұмыс істеген уақытына төленеді.

Бұл шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскер үшін тоқтап тұру жағдайын жариялайды.

Еңбек Кодексінің 112-бабына сәйкес жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен (42 500 теңге) кем болмайтын мөлшерде белгіленеді.

Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта қарастырылған болса, бос тұрып қалу уақытындағы жалақы ең төменгі жалақыдан жоғары болуы мүмкін.

Ата-анасының біреуіне ақылы еңбек демалысын беру туралы. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 93-бабына сәйкес кезекті еңбек демалысы демалыс кестесіне сәйкес немесе кестеден тыс қажет болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Осыған байланысты жұмыс берушілер балалармен қалуға мәжбүр болған ата-аналардың біреуіне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны