10.09.2015, 10:17 4513

Қостанай облысында егін жинау науқаны қарсаӊында қуаты 40 000 тонна астық сақтау элеваторы іске қосылды.

Элеваторлар мен астық сақтау ыдыстарыныӊ проблемасы бұрыннан бері бар. Астықтыӊ сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "ҚазАгроҚаржы" АҚ еуропалық озық технологиялар бойынша тұрғызылған астық қоймаларын іске қосуда. Бүгінгі таӊда компания бүкіл Қазақстан бойынша 358 мыӊ тоннадан аса астық сақтауға жағдай жасаған

Қостанай. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Элеваторлар мен астық сақтау ыдыстарыныӊ проблемасы бұрыннан бері бар. Астықтыӊ сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "ҚазАгроҚаржы" АҚ еуропалық озық технологиялар бойынша тұрғызылған астық қоймаларын іске қосуда. Бүгінгі таӊда компания бүкіл Қазақстан бойынша 358 мыӊ тоннадан аса астық сақтауға жағдай жасаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы аптада Қостанай облысыныӊ Таранов ауданында қуаты 40 000 тонна "Olzha Storag" ЖШС тағы да бір ірі қоймасы іске қосылды. Жобаныӊ жалпы құны 1 миллиард 485 миллион теӊгеден асады.

Астық қоймасыныӊ басшыларыныӊ айтуынша, мұнда өнімді тек сақтап қана қоймай, оныӊ сапалық сипаттамасын да арттыратын болады. Соӊғы уақытта егін жинау науқаны кезінде жиі жауын-шашындардыӊ салдарынан астық дымқыл болды. Қазір мұнда астықты тиімді тазартып, кептіру үшін техникалық мүмкіндіктер бар. Сонымен бірге, бұл элеватор толығымен газбен жабдықталатын болады. Газ таяу орналасқан ауылдарға да жүргізілетін болады, ал ауыл тұрғындары 44 қосымша жұмыс орындарына ие болуға мүмкіндік алады.

Бүгінгі күнніӊ өзінде "Olzha Storag" элеваторы жаӊа өнімді қабылдап алуға әзір. Қостанай облысында ендігі жарты миллион тоннадан сәл көбірек астықты жинап та үлгерді. Басшылардыӊ сендіруінше, тіпті жауын-шашынды ауа райы мұндай жарақтандырылу кезінде астықты сақтау жағдайларына және одан арғы сапасына әсерін тигізбейді.

Сөз реті келіп тұрғанда, айта кету керек, бүгінгі таӊда "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржылай қолдауыныӊ арқасында бүкіл ел бойынша сомасы 10,5 млрд. теӊгедан артық жалпы жобалық қуаты 358 500 тонна 15 ірі астық қоймасы іске қосылған.

"Olzha Storag" жобасы - 2015 жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ желісі бойынша іске қосылған бесінші астық қойма. Ағымдағы жылдыӊ аяғына дейін Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында астық қоймаларын құру бойынша кемінде 10 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны