04.03.2010, 14:58 3515

Қостанай облысының басшылығы шаруалардың мал союына салынған тыйымды уақытша ала тұруды сұрайды

Қостанай облысының басшылығы шаруалардың мал союына салынған тыйымды уақытша ала тұруды сұрайды

Қостанай. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Қостанай облысының басшылығы республика үкіметінен шаруалардың мал союына салынған тыйымды уақытша ала тұруды сұрайды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрәлі Сәдуақасов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қостанай облысының басшылығы шаруалардың мал союына салынған тыйымды уақытша ала тұру мүмкіндіктерін қарастыруда. Осындай өтініш жазылған хат бүгін Қазақстан үкімет басшысының атына жолданды", - деді Нұрәлі Сәдуақасов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қостанайда ақпанның ортасында ет шамамен 30%-ға қымбаттады. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, ақпанның басында Қостанайда бір келі шошқа етін 650 теңгеге, ал сиыр етін - 700 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар болатын. Бүгінгі күні бұл баға 28%-ға немесе 200 теңгеге қымбаттады.

Жергілікті биліктің түсіндіруінше, бағаның өсуіне мал сою алаңдарының тапшылығы себеп болған. Еске сала кетейік, малды өнеркәсіптік амалмен сою жөніндегі заң шыққаннан кейін шаруалардан алынатын барлық мал сойыс алаңдары арқылы өтуге тиіс. Алайда, бүгінгі күні Қостанай облысында мұндай цехтар тым тапшы.

"Хатта біз шаруалардың мал союына салынған тыйымды екі жылға дейін ала тұруды сұрадық. Осы уақытта облыс қажетті көлемде мал сою алаңдарын салып бітіреді. Сонымен бірге осы уақытқа дейін шаруалар да осындай өзгерістерге дайын болмақ", - деді Нұрәлі Сәдуақасов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны