08.12.2012, 14:06 3323

Қостанайда жаңа май зауыты ашылды

Инвестициялық жоба бойынша іске қосылған кәсіпорын жылына 2600 тонна сұйық май өндіреді. Басқа зауыттардан ерекшелігі, мұнда май үш кезеңді тазартудан өтеді. Сондықтан сапасы жоғары.

Қостанай. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанайда жаңа май зауыты ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Инвестициялық жоба бойынша іске қосылған кәсіпорын жылына 2600 тонна сұйық май өндіреді. Басқа зауыттардан ерекшелігі, мұнда май үш кезеңді тазартудан өтеді. Сондықтан сапасы жоғары.

Бұл жобаны жүзеге асыруға 120 миллион теңге қаржы жұмсалған. Соның 82 миллионы Тобыл әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бөлінді. Молдовадан жеткізілген құрал-жабдықтар қарапайым көрінгенімен, өзге елдердікінен еш кем емес. Ал бағасы 3-4 есе арзан. Қазіргі кезде зауыт күніне 20 тонна шемішке өңдеп, 7 тонна сұйық май алады. Толық қуатына көшкенде күндік өнімділік 9 тоннаға жеткізілмек.

Жаңа кәсіпорынға жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі жастар. Солардың бірі кеше ғана колледж тәмамдап, инженер-механик мамандығын алып шыққан - Мейрам Қасымов. Талапты жас күрделі технологияны тез-ақ меңгеріп алған.

Бұл кәсіпорын қалдықсыз технологияға құрылған бірден-бір өндіріс орны. Шемішке қабықтары отын ретінде пайдаланылса, майдан қалған бөлік құнарлы мал, құс азығы. Облыста инвестициялық жоба бойынша ашылған бұл екінші май зауыты. Бұрын Тобыл өңіріне сұйық майдың 75-80 пайызы сырттан әкелінетін. Бүгінде оның импорттық үлесі 20 пайызға дейін төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны