30.03.2011, 16:03 4122

ҚР банктерінің активтері ақпан айында 0,3 пайызға өскен

ҚР банктерінің активтері ақпан айында 0,3 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 30 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚР банктерінің активтері ақпан айында 0,3 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан банктерінің жиынтық активтері 1 наурызға 12,143 трлн теңгені құрап, ақпан айында 0,3% өскен, деп хабарлады ҚҚА.

1 наурызға банктік сектордың жиынтық есептік жеке капиталы 1,796 триллион теңгені құрап, бір айға 1,3% төмендеді. Шетел валютасындағы активтер жиынтық активтердің 34,7% құрады.

Банктердің ссудалық қоржыны (банкаралық қарыздарды есепке алумен) 1 наурызға 9,083 триллион теңгені құрап, ақпан айына 0,5% өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны