10.12.2008, 17:26 3149

ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті мұнайдың бір баррелінің базалық бағасы 25 доллар деген есеппен секвестрлеу тетігін дәйектейді

ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті мұнайдың бір баррелінің базалық бағасы 25 доллар деген есеппен секвестрлеу тетігін дәйектейді

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті мұнайдың бір баррелінің базалық бағасы 25 доллар деген есеппен секвестрлеу тетігін дәйектейді. Бұл туралы еліміздің үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етіп тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігіне экономикалық ахуалдың одан әрі нашарлау мүмкіндігін қарастырып, бюджетті мұнайдың бір баррелінің базалық бағасы 25 доллар деген есеппен қайта қарауды тапсырамын. Егер баға 25 доллардан төмен құлдыраса, ондай жағдайға біз дайын болуға тиіспіз", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны