21.09.2007, 17:46 2745

ҚР Есеп комитеті төрағасының пайымдауынша, жоғарғы қаржылық бақылау органы бюджет жобасына тәуелсіз қорытынды бере алады

ҚР Есеп комитеті төрағасының пайымдауынша, жоғарғы қаржылық бақылау органы бюджет жобасына тәуелсіз қорытынды бере алады.

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Республикалық бюджетінің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Омархан Өксікбаевтың пайымдауынша, жоғарғы қаржылық бақылау органы бюджет жобасына тәуелсіз қорытынды бере алады. Бүгін "Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі: жаңаша қатерлер мен келешек" атты халықаралық экономикалық форум барысында мекеме басшысы осындай пікір білдірді.

"Бюджеттің орындалуына қатысты барлық тауқыметтерді Есеп комитеті әбден болары болып, бояуы сіңгеннен кейін ғана анықтап жатады. Меніңше, жол берілген кемшіліктерді тауып, тізіпдеп, санамалағаннан гөрі, олардың алдын алу, тым құрыса, оларды шұғыл жою тиімдірек", - деді О. Өксікбаев.

"Осыны ескере отырып, бюджет жобасына жоғарғы қаржылық бақылау органы тәуелсіз қорытынды жасайтын тәжірибені ұсынғым келеді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны