23.06.2009, 12:48 1172

ҚР Есеп комитеті жалпы алғанда республикалық бюджеттің шығыс бөлігі бойынша орындалуын оң бағалайды - Омархан Өксікбаев

ҚР Есеп комитеті жалпы алғанда республикалық бюджеттің шығыс бөлігі бойынша орындалуын оң бағалайды - Омархан Өксікбаев

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Есеп комитеті жалпы алғанда республикалық бюджеттің шығыс бөлігі бойынша орындалуын оң бағалайды. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз жалпы алғанда республикалық бюджеттің шығыс бөлігі бойынша орындалуын оң бағалаймыз", - деді Омархан Өксікбаев.

"Республикалық бюджеттің 99,6%-ға орындалғанын алатын болсақ, бұл - кейінгі 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш", - деді Есеп комитетінің басшысы.

Сонымен бірге, ол "мемлекеттік активтерді басқару мен бюджет қаржысын пайдалануда басқару тиімділігінің деңгейін төмендететін айтарлықтай кемшіліктердің бар екенін де" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны