20.01.2011, 13:45 4131

ҚР кеден органдары 2011 жылы ел бюджетіне 966 млрд. теңге көлемінде түсім түсіруді жоспарлап отыр

ҚР кеден органдары 2011 жылы ел бюджетіне 966 млрд. теңге көлемінде түсім түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейіспеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР кеден органдары 2011 жылы ел бюджетіне 966 млрд. теңге көлемінде түсім түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейіспеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2011 жылы болжам бойынша 966 млрд. теңге көлемінде түсім жинаймыз деп жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады Өмірзақ Бейіспеков.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеденшілер, бұл межені ең алдымен, сыртқы экономикалық қызметті белсендіру нәтижесінде орындауды көздеп отыр.

Комитет өкілінің айтуынша, жылдың екінші жартысынан бастап Ресей және Беларус елдерінен жеткізілген тауарларға әкімшілендіру жүргізілмегеніне қарамастан, Қазақстанда кедендік әкімшілендіру жүйесіндегі жұмыстардың жетілдірілуі нәтижесінде ел бюджетін түсімдермен толықтыру міндеті орындалды.

Кедендік бақылау комитетінің ақпараттарына сүйенсек, 2010 жылы ел бюджетіне түскен түсімдер оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 147,5 млрд. теңге артық болды. Өмірзақ Бейіспеков сөзіне қарағанда, кеденшілерге жоспарды 113 пайызға артық орындауға 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кедендік одақ шеңберінде енгізілген бірыңғай тарифтер септігін тигізген. "Олар Қазақстан Республикасында бұған дейін болған тарифтерден әлдеқайда жоғары", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны