21.01.2008, 16:20 2958

ҚР премьері ішкі нарықтағы астық бағасын өсіруге жол бермеу туралы меморандумның әрекет ету мерзімі жаңа егіс науқанына дейін создырылғанын растады

ҚР премьері ішкі нарықтағы астық бағасын өсіруге жол бермеу туралы меморандумның әрекет ету мерзімі жаңа егіс науқанына дейін создырылғанын растады

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов ішкі нарықтағы астық бағасын өсіруге жол бермеу туралы "Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің облыс әкімшіліктерімен жасаған меморандумының әрекет ету мерзімі 2008 жылдың егіс науқанына дейін создырылғанын растады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен өткен жылдың екінші жартысында қараша айынан бастап берген уәделерді халық алдында орындай алғанымыз үшін Астық одағының, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өкілдеріне ризамын. Нанның баға мөлшері, жалпы алғанда, елімізде тұрақтандыру қорлары арқылы сақталды. Сондай-ақ, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Астық одағымен бірлесе отырып алған нан бағасын келер жылдың егіс науқанына дейін біз айтып отырған мөлшерде сақтау жөніндегі міндеттеме үшін де ризашылық білдіремін", - деді К. Мәсімов.

"Бұл аса маңызды. Себебі, қазір баға көтерілді. Ал енді бұдан әрі дүниежүзілік астық нарығындағы жағдайға қарамастан нан бағасы көтеріле беруіне жол бермеуіміз қажет", - деп сөзін қорытты үкімет басшысы.

Бұрын хабарлағанымыздай, 8-қаңтар күні үкіметтің селекторлық жиналысы аяқталған соң тілшілерге берген сұхбатында вице-премьер Өмірзақ Шүкеев ішкі нарықтағы астық бағасын өсіруге жол бермеу туралы "Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің облыс әкімшіліктерімен жасаған меморандумының әрекет ету мерзімі жаңа егіс науқанына дейін созу көзделіп отырғанын хабарлаған еді. "Астық одағы мен әкімдер арасында жасалған меморандум жаңа егіс науқанына дейін, яғни, іс жүзінде жыл соңына дейін создырылады", - деген еді Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны