12.05.2008, 13:11 1359

ҚР премьер-министр ауылшаруашылық министрлігі мен ОҚО әкімдігіне шегірткеден зардап шеккен төрт ауылдық округтен мал сатып алуды тапсырды

ҚР премьер-министр ауылшаруашылық министрлігі мен ОҚО әкімдігіне шегірткеден зардап шеккен төрт ауылдық округтен мал сатып алуды тапсырды

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ауылшаруашылық министрлігіне және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне шегірткеден зардап шеккен төрт ауылдық округтен мал сатып алуды тапсырды. Мұндай тапсырманы ол бүгін өткен үкіметтің селекторлық кеңесінде берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен ауылшаруашылық министрлігіне, "ҚазАгро" және ОҚО әкімдігіне өзара бірлесе отырып, бұл мәселені екі күннің ішінде талқылауды тапсырамын, оның атқарылуын Өмірзақ Шүкеев (вице-министр) бақылауға алатын болады",- деді К. Мәсімов.

Бұдан бұрын Ө. Шүкеев хабарлағанындай, ОҚО "төрт ауылдық округі шегірткенің кесірінен мал азығынан айрылды". "Олар бар өсімдік пен шөпті жалмап кетті, сондықтан бүгінгі күні 150 мың ұсақ мал мен 10 мың ірі қара малға қауіп төнуде ", - деп толықтырды вице-премьер.

"Олар жылдар бойы өсірген маоын бүгінгі күні көрші мемлекеттерге арзан бағаға сатуға мәжбүр", - деді ол. "Біз жергілікті билік өкілдерімен келістік, олар тиісті шараларды қабылдайтын болады. Сонымен қатар ауылшаруашылық министрлігіне және "ҚазАгро" холдингіне бірнеше күннің ішінде мемлекеттік ресурсқа ет сатып алуды ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілді, оны жедел түрде жүзеге асыру керек, өйткені бір аптадан кейін мал союға жарамсыз болып қалады", - деп қосты премьер-министрдің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны