08.02.2013, 11:10 4808

ҚР Ұлттық қор қаражаты 2012 жылдың соңына 10 трлн 62 млрд теңгені құрады

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлім етті.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылдың соңына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 10, 062 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлім етті.

"Ұлттық қордың қаражаты 2012 жылдың соңына инвестициялық табысты қоспағанда 10062,8 млрд теңгені құрады",-деді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттің табыстары 101,5%-ға орындалды, шығындар 5, 795 трлн теңгені құрады немесе 99,3%-ға орындалды.

"Игерілмеген қалдық үлесі шығынның жалпы сомасында 0,7%-ды немесе 41,6 млрд теңгені құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 0,1%-ға төмен",-деді министр.

2012 жылға мемлекеттік бюджеттен өңірлерге 889,3 млрд теңгеге мақсатты трансферт бөлінді, олардың 871,5 млрд теңгесі немесе 98% игерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны