04.02.2014, 19:18 3811

ҚР-да тарихи шығындар сапасының жүйесі енгізіледі - Б.Нұрабаев

"Жер қойнауын пайдалану құқына мараторийдің алынуымен алда өткізілетін 105 нысан бойынша байқау тарихи шығындарды бонитетті есептеу жүйесі арқылы өткізілмек", - дейді.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда тарихи шығындар сапасының жүйесі енгізіледі. Бұл жайлы бүгін геологиялық саладағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалар бойынша жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы барысында ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комиететі жетекшісі Базарбай Нұрабаев.

"Тарихи шығындар сапасын есептеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ол геологиялық ақпарат құнын анықтау уақытын 240 күннен бір күнге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Қаңтарда Үкіметтің сапа жүйесі туралы қаулысына қол қойылды. Геологиялық ақпарат құнын анықтау өте ұзақ уақытты алғаны анық. Сонымен қатар, есептеу жұмыстары да қиынға соқты. Қазіргі таңда аталмыш кедергілер толықтай алынды және қарапайымдатылды. Мұнай мен газға нақты сан -шаршы км-іне 3,1 АЕК қойылды. Қатты пайдалы қазбалар үшін - шаршы км-іне 2,25 АЕК, жалпы пайдалы қазбалар үшін шаршы шақырымына 1,5 АЕК, жер асты суы үшін 0,75 АЕК", - деді Базарбай Нұрабаев.

Айта кету керек, жалпы жер асты пайдалы қазбалары бойынша жер қойнауын пайдалану құқын алу кезінде геологиялық ақпарат құнын анықтау нормалары енгізілді. Аталмыш норма бұрыннан бері келе жатқан нормативті-құқықтық актілеріне енгізілмеді.

ИЖТМ геология комиететі жетекшілігінің мәліметінше, пайдалы қазбаларды қазып алу жұмыстары жүргізілмей бос жатқан жерлердегі геологиялық ақпараттарды алу жағдайында бір геологиялық ақпараттың құны бір АЕК көлемінде болады.

"Жер қойнауын пайдалану құқына мараторийдің алынуымен алда өткізілетін 105 нысан бойынша байқау тарихи шығындарды бонитетті есептеу жүйесі арқылы өткізілмек", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны