13.12.2013, 21:21 3247

ҚР-ның тау-кен - металлургия саласы бойынша 3 жыл ішінде 42 инвестициялық жоба іске қосылды

"ҚР-ның тау-кен - металлургиялық саласын дамыту бағдарламасы бойынша 3 жыл ішінде 377,2 млрд теңгенің 42 инвестициялық жобасы жүзеге асты. Оның ішінде 2010 жылы - 23 жоба, 2011 жылы-13 жоба, 2012 жылы - 6 жоба", - делінген хабарламада.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстанның тау-кен-метталургия өндірісі саласында 3 жыл ішінде 42 инвестициялық жоба іске қосылды, деп Индустрия және жаңа технология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР-ның тау-кен - металлургиялық саласын дамыту бағдарламасы бойынша 3 жыл ішінде 377,2 млрд теңгенің 42 инвестициялық жобасы жүзеге асты. Оның ішінде 2010 жылы - 23 жоба, 2011 жылы-13 жоба, 2012 жылы - 6 жоба", - делінген хабарламада.

Жалпы тау-кен-метталургиялық өндірісте 1,9 трлн теңгенің 83 жобасы жүзеге асырылуда. Ол 30 мың жұмыс орнын ұсынады.

Айта кетейік, тау-кен- металлургия саласының даму бағдарламасы 2010-2014 жылға арналған. Бағдарламаның мақсаты шикізатты өңдеу мен жоғарғы сапалы өнім өндіріп басқа сала кәсіпорындарын қамтамасыз ету болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны