21.07.2015, 14:48 3663

"Ксеll" АҚ абоненттерге 1,5 млрд-тан астам теӊгені қайтаратын болады -ҚР ҰЭМ

ТМР БҚК атынан ҚР ҰЭМ монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау қорытындысы бойынша "Ксеll" АҚ-ға бәсекелестік заӊнаманы бұзу нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты абоненттерге қайтару туралы нұсқама шығарды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - ТМР БҚК атынан ҚР ҰЭМ монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау қорытындысы бойынша "Ксеll" АҚ-ға бәсекелестік заӊнаманы бұзу нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты абоненттерге қайтару туралы нұсқама шығарды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соттардыӊ, оныӊ ішінде ҚР Жоғарғы сотыныӊ қарау қорытындысы бойынша, аталған нұсқама заӊды және негізді деп танылды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ағымдағы айда "Ксеll" АҚ тұтынушыларға 2012 жыл - 2013 жылдыӊ 9 айы кезеӊінде абонент үшін кез келген қолайлы тәсілмен (заттай мәнде, теӊгерім) сомасы 1,5 млрд. теӊгеден асатын ақшалай қаражатты қайтаруды бастайды.

Бұл ретте, "Ксеll" АҚ әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, өз абоненттеріне 2013 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі (монополияға қарсы заӊнаманы бұзушылық орын алған) кезеӊ үшін ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтаратынын хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны