06.01.2012, 14:23 3938

ҚТЖ ағымдағы жылы 16 мың жүк вагонын сатып алып, 70 қазақстандық локомотивті жолға шығармақ

Сонымен қатар ҚТЖ әлемдік технологияларды пайдалана отырып, Астанада электровоз бен тепловоз шығаруды дамыта түспек. Өскеменде вагон құймасы шығарылады. Қарағандыда рельс жасалады. Басқа да жобалар қарастырылып жатыр.

Астана. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚТЖ ағымдағы жылы 16 мың жүк вагонын сатып алып, 70 қазақстандық локомотивті жолға шығармақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында 2011 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылға арналған тапсырмалар бойынша кеңейтілген отырыста белгілі болған.

Сонымен қатар ҚТЖ әлемдік технологияларды пайдалана отырып, Астанада электровоз бен тепловоз шығаруды дамыта түспек. Өскеменде вагон құймасы шығарылады. Қарағандыда рельс жасалады. Басқа да жобалар қарастырылып жатыр.

"Кеңейтілген бас қосуда сала алдындағы тапсырмаларды тыңғылықты атқарған жекелеген темір жол ұжымдарының жұмысы аталып өтілді. Оларға заман талабына сай тың тапсырмалар берілді", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны