02.12.2018, 13:38 4322

Құрылыс саласыныӊ заӊгерлеріне арналған бірінші қазақстандық форум Астана қаласында өтті.

Қазақстанда FIDIC келісімшарттарын қолдану тәждірибесін қарастыру пайдалы болар еді, себебі шетелдік нормативтерді отандық тәжірибеде іс жүзінде қолданудыӊ бірдей тосқауылдары анықталды.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтыныӊ ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович, Қазақстанда ақпараттық модельдеуді пайдалана отырып құрылыс салу үшін ҚОАМТ (ВІМ) - бағытталған жіктеушіні әзірлеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Александр Шахнович Құрылыс саласыныӊ заӊгерлеріне арналған бірінші қазақстандық форумда "ҚР құрылыс саласыныӊ нормативтік құжаттары үшін ҚОАМТ (ВІМ-технологияларыныӊ) ұғымдық аппаратын қалыптастыру" баяндамасын ұсынды.

Ол ВІМ-технологияларыныӊ (ҚОАМТ) перспективалары мен артықшылықтарыныӊ ағымдағы түсінігін, шетелдік ВІМ-стандарттарды ҚР-на бейімдеу мәселенамасын көрсетті, ҚОАМТ (ВІМ)-бағытталған жіктеушіні әзірлеу барысы туралы баяндады. Баяндама тыӊдаушылардыӊ, әсіресе құрылыс саласына ақпараттық модельдеуді енгізу бойынша Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетініӊ жанындағы жұмыс тобыныӊ отырыстарына қатыспайтын жобалау ұйымдары өкілдерініӊ шынайы қызығушылығын тудырды.

"Қазақстанда FIDIC келісімшарттарын қолдану тәждірибесін қарастыру пайдалы болар еді, себебі шетелдік нормативтерді отандық тәжірибеде іс жүзінде қолданудыӊ бірдей тосқауылдары анықталды. Қазақстандық құрылыс саласына алдыӊғы қатарлы тәжірибелерді тезірек сәтті енгізу үшін FIDIC және ВІМ бойынша бастамашыл топтар арасында жиірек тәжірибе алмасу маӊызды", - деп Александр Шахнович сенімін білдірді.

Құрылыс саласыныӊ заӊгерлеріне арналған бірінші қазақстандық форум Астана қаласында өтті. Форумныӊ ұйымдастырушылары - Lincoln Conferences заӊгерлерге арналған іскерлік шаралар бойынша жетекші компаниясы, BI Group қазақстандық құрылыс компаниясы және BI University, стратегиялық серіктесі "Артюшенко и партнеры" компаниясы болды.

Форумныӊ бағдарламасында құрылыс заӊнамасын кодтау, Қазақстанда FIDIC келісімшарттарын қолдану мәселелері, техникалық реттеу проблемалары және басқа да мәселелер қозғалды. Форумға құрылыстыӊ құқықтық тәжірибесініӊ 180-нен аса кәсіпқойлары мен сарапшылары қатысты.

Ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу тұжырымдамасына сәйкес, ҚР-ныӊ құрылыс саласына 2020 жылдан бастап, мемлекеттік инвестициялар тартылған технологиялық күрделі объектілер міндетті тәртіпте ҚОАМТ қолдана отырып жобалануы тиіс екендігін атап өтеміз.

Анықтама

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ - өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өӊірлерді қосқанда Қазақстанныӊ құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.

Институт 1931 жылдыӊ 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанныӊ құрылыс нарығында 87 жылдық тәжірибесі бар.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігініӊ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны