15.06.2017, 14:17 3868

М.Ахметжанов: Экономикалық қылмыстарды қозғаудыӊ тәсілдері өзгерді

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ орынбасары Марат Ахметжанов "Атамекен" ҰКП-ныӊ съезіне қатысты. Онда ол қылмыстық процесте бизнесті қорғау жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Астана. 15 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ орынбасары Марат Ахметжанов "Атамекен" ҰКП-ныӊ съезіне қатысты. Онда ол қылмыстық процесте бизнесті қорғау жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Экономикалық қылмыстарды қозғаудыӊ тәсілдері өзгерді. Олар тексеру актілері мен залал болған жағдайда ғана тіркеледі. Соныӊ нәтижесінде экономикалық қылмыстар 4 есеге төмендеді.

Қылмыстық кодекстіӊ экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты баптарын гуманизациялауға байланысты, оныӊ ішінде (215 бап) жалған кәсіпкерлікті декриминализациялауға қатысты жаӊартулар жасалды.

Сонымен қатар ҚК-тіӊ 13 бабы бойынша жаза мөлшері төмендетілді, 6 бабы бойынша тұлғаларды жауаптылықтан босатылу қарастырылды және ауыр санаттағы 3 бабы бойынша баламалы жаза ретінде еселенген айыппұл салу көзделді.

Қылмыстық қудалауды қысқарту жолы арқылы салықтық әкімшілендіруге қалыпты жағдайлар туады. Тәуелдерді бағдарлау жүйесіне толықтай өту барлығына дерлік тексеру жүргізуге ерік бермейді, яғни нақты критерийлер бойынша іріктеу жүргізілетін болады.

Бас прокуратураныӊ өкілі М.Ахметжанов өз сөзінде: "Мысалға, айналымы өте үлкен, тауар жеткізілімі жоғары, бірақ қызметкерлер де, техника да одан қалды кеӊсе де кәсіпорында мүлдем жоқ. Құжаттар өзгертіледі. Бұл - дабыл. Қауіпті аймаққа түстім дегенше, тексерісті күте бер. МКД үздік дүниежүзілік тәжірибені енгізеді. Жаӊа технологиялар. Электрондық шот-фоктуралары, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, депозиттік ҚҚС-есебі. Осыныӊ барлығы операцияларды ашық және заӊды етеді", - деді.

Сонымен қатар Марат Ахметжанов жалған кәсіпкерлікті декриминализациялау келеӊсіз салдар тудырмайтынына баса назар аударды, себебі салық төлеуден жалтару бойынша қылмыстық жауаптылықтыӊ қалғандығын атап өтті.

Барлық күш жосықсыз жұмыс жасайтындарға жұмылдырылатын болады. Сөз соӊында ол бизнес өкілдерін бірлесе көлеӊкелі экономикаға төзбейтін атмосфера мен кәсіпкерлік рухтағы жарыспалыққа негізделген әділетті бәсекелестік қалыптастыруға шақырды.

2016 жылдыӊ 14 маусымында өткен Форумда бекітілген Жол картасы мүдделі мемлекеттік органдар мен "Атамекен" ҰКП бірлесе іске асуда.

Жоба проблемалы сұрақтардыӊ шешімін бірлесе табуға мүмкіндік беріп отыр.

Форум барысында Палата жұмысыныӊ нәтижелері мен алдағы уақытқа тапсырмалар қатары, бизнестіӊ дамуындағы проблемалық сұрақтар талқыланды,- деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны