27.07.2018, 18:45 6031

Маӊғыстау облысына жыл басынан бері 256 млрд. теӊге инвестиция тартылды

Бүгін Маӊғыстау облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс 20-сессиясы өтті. Сессияныӊ күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Ақтау. 27 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Маӊғыстау облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс 20-сессиясы өтті. Сессияныӊ күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Алдымен, Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов 2018 жылдыӊ 1-ші жартыжылдығы бойынша облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын және Президенттіӊ халыққа Жолдауы, Бес әлеуметтік бастамасынан туындаған Елбасы мен Үкімет берген тапсырмалардыӊ орындалуын баяндады.

Ағымдағы жылдыӊ 6 айыныӊ қорытындысы бойынша облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ барлық негізгі көрсеткіштерініӊ оӊ динамикасы байқалады.

Жалпы өӊірлік өнім (ЖӨӨ) - 1-ші жартыжылдықтыӊ қорытындысымен оныӊ көлемі 659 млрд.теӊгені құрады немесе өсім 101,2% (РБ - 104,1%). Өткен жылдыӊ 6 айымен салыстырғанда есепті кезеӊде 1,4 трлн. теӊгеніӊ өнеркәсіп өнімі өндіріліп, оныӊ нақты көлем индексі 101,2%-ті құрады. Еӊ басты міндет өӊдеу секторын дамыту. Аталған сектордыӊ жалпы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі соӊғы 3 жылда 5%-тен 9%-ке дейін өсті. Есепті кезеӊде өндіру көлемі 12%-ке артып, 119 млрд. теӊгеге жеткен.

Индустрияландыру картасы аясында облыста инвестициялар көлемі 395 млрд.теӊге болатын 45 жоба іске асырылды. 4 мыӊнан аса жұмыс орны құрылды (2010-2014 жылдар - 219 млрд.теӊгеге 33 жоба, 3 141 жұмыс орны, 2015-2017 жылдар - 176 млрд.теӊге сомасына 12 жоба, 965 жұмыс орны).

Ағымдағы жылы инвестициялық құны 19 млрд.теӊге болатын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Биылғы жылдыӊ 6 айында өӊір экономикасына 6% өсіммен 256 млрд. теӊге инвестиция тартылды.(өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда)

-Маӊғыстау облысы 37 елмен экспортты-импорттық операция жүргізеді. Жыл басынан бері әлеуетті инвесторларымен келіссөздер орнатып, 6 меморандумға қол қойылды. Соныӊ бірі - Біріккен Араб Имірлігініӊ DP World трансұлттық компаниясымен "Ақтау теӊіз порты" арнайы экономикалық аймағын дамыту мақсатында, оны стратегиялық әріптес ретінде басқаруға қатысты жүргізілген кездесулер. Президент Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ Біріккен Араб Имірліктеріне ресми сапарыныӊ барысындааталмыш компаниямен "Ақтау теӊіз порты" арнайы экономикалық аймағыныӊ 49% акциясын сатып алудыӊ негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісімге келген болатын. Келісімге сәйкес "DP World" компаниясы арнайы экономикалық аймақты басқаруға қатысады. Бұл, өз кезегінде Маӊғыстау облысыныӊ халықаралық логистика тізбегіне енуіне, аталған компанияныӊ көлік логистикасы саласындағы тәжірибесі мен озық технологияларын қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Актау портын одан әрі белсенді дамыту, басым бағыттар бойынша инвестициялар тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістер құруға қолайлы жағдай жасалады, - деді облыс әкімі.

Облыстыӊ инвестициялық жобалар портфеліне құны 1,4 трлн.теӊге болатын 6 жоба енгізілді.

"Бизнестіӊ жол картасы" бағдарламасы аясында жыл басынан бері 860 млн.теӊге болатын 40 жоба мақұлданды (01.07.2017ж - 24 жоба). Жаӊа кәсібін ашатын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өӊірлік "Нұр капитал" бағдарламасы сәтті іске асырылып келеді. Бүгінгі таӊда 2 млрд.теӊгеге 110 жоба қолдау тапты.

Өӊір экономикасыныӊ перспективалы бағыттарыныӊ бірі - аграрлық секторды дамыту. Есепті кезеӊде 5,3 млрд.теӊгеніӊ ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, саланыӊ нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады. Бүгінле облысымызда мал шаруашылығында 1000 (2017 жыл - 922), егін шаруашылығында 159 (2017 жыл - 119) шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Жыл басымен салыстырғанда мал саны 43%-ға немесе 502 мыӊнан 719 мыӊға дейін өсті. Егін шаруашылығында 1100 гектарға егін егілді. Ауыл шаруашылығын дамытуға, егін және мал өнімдерініӊ сапасын арттыруға "Агробизнес - 2020" бағдарламасы аясында 1 млрд. теӊге көлемінде субсидиялар бөлінді. Сондай-ақ, облыс әкімі 12 тамыз күні Ақтау қаласында өткізілетін Каспий маӊы елдерініӊ 5-ші саммитіне дайындық жұмысына тоқталды. Халықаралық маӊызы бар шараға Ресей, Түркменстан, Изірбайжан, Иран елдерініӊ президенттері келеді. Саммит барысында тарихи маӊызы бар құжат қабылданады, ол - Каспий теӊізініӊ құқықтық мәртебесі туралы Конвенция. Сонымен қатар, "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы" және "Жетібай-Жаӊаөзен-Кендірлі" автомобиль жолдарыныӊ құрылысын бастауға, Құрық портында 2,5 миллион тонна жүк паромын жөнелтуге старт беру шаралары өтеді. Теӊіз жағалауын, "Жар асты жолдары" нысанын қайта жаӊғырту, қаланы көгалдандыру, безендіру, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны