16.05.2014, 20:49 3503

Маңғыстау облысында өндіріс пен кәсіби техникалық мекемелері арасында байланыс қалыптасқан

Өңір басшысының айтуынша, кәсіби мамандар бойынша облыс экономикасының күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін облыстың барлық колледждерінде қосымша ағылшын тілі пәні оқытылуда, деп хабарлайды Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Мәжілістегі "Экономика салаларына арналған техникалық және кәсіби, жоғарғы білім беру жүйесіндегі маман дайындау сапасы мен болашағы туралы" парламенттік тыңдалымда сөз алған Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаев оқу орындары мен кәсіпкерлік ынтымақтастығының тиімділігі туралы өңірде қалыптасқан тәжірибемен бөлісті.

А.Айдарбаевтың айтуынша, алдағы уақытта облыста халықаралық транспорттық жүк саласындағы негізгі қатысушы ретінде Қазақстанның беделін нығайта түсетін бірқатар жобалардың іске асырылатынын айтты. Осы жобалардың іске асырылуы білікті кадрларға мұқтаждық тудырмақ.

Өңір басшысының айтуынша, кәсіби мамандар бойынша облыс экономикасының күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін облыстың барлық колледждерінде қосымша ағылшын тілі пәні оқытылуда, деп хабарлайды Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, үш оқу орындарында қытай тілін оқытудың қанатқақты жобалары басталуда.

Кәсіпкерліктермен де келісім шарттар құрылуда. 2012 оқу жылында 504 келісімге қол қойылып, 2013 жылы бұл көрсеткіш 590-ға жетті.

"Иріптестік өз жемісін беруде. Соңғы үш жылда кәсіпкерліктер есебінен оқыған студенттер саны 52-ден 227-ге дейін артқан. Алайда біз оқу орындары мен өңірдің кәсіпкерліктер арасындағы байланысты тереңдетпекшіміз. Бүгінде 8 колледжде 11 мамандық бойынша дуалды білім беру элементтері енгізілуде. Жаңа оқу жылынан бастап тағы 7 колледжде дуалды оқыту элементтері енгізілмек", - дейді А.Айдарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны