29.08.2006, 09:31 3673

Маркетингтік сараптамалық зерттеулер орталығының жаңа тұжырымдамасы үкіметке 2006 жылдың қыркүйегінде ұсынылады

АЛМАТЫ. 29 тамыз . Kazakhstan Today. Маркетингтік сараптамалық зерттеулер орталығының (МСЗО) жаңа тұжырымдамасы үкіметке 2006 жылдың қыркүйегінде ұсынылады. Бұл жөнінде "Қазына"тұрақты даму қоры"АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қ.Келімбетовтың айтуына қарағанда, бүгінгі күнге дейін МСЗО үкіметтік маңызы бар бастамаларды өңдеумен айналысып келді.
Атап айтқанда, бұл кластерлік бастама, жеке сектормен мәміле ұйымдастыру, қаржы секторын дамыту, холдинг құрылымын құру. "Елбасы экспорт көлемін ұлғайтуды және экспорттың ілгері жылжуына ықпал ететін жүйе қалыптастыруды тапсырды", деп атап өтті Қайрат Келімбетов. Ол аталған орталықтың экспортты ілгерілетумен айналысатынын ескертті .

Нақтырақ айтсақ ,"экспортты қарқынды дамытуға мүмкіндік мол салаларда мастер жобаларды өңдеу, басқа дамыған елдердегі және әлемдік нарықтағы Қазақстанның тетіктері базасын құру және қалыптастыру, жаңа технологиялар туралы ақпарат жинаумен айналысатын өкілдіктер ашу, инвестиция салу үшін өзге елдердің заңдылықтарын меңгеру" МСЗО даму тұжырымдамасының басты негізіне алынады, дейді Қайрат Келімбетов. " Оған қоса, біз инвесторларды сақтандыру арқылы қорғау жүйесін еңгіздік", деп атап өтті ол.

"Қыркүйек айының басында экономикалық саясат кеңесінде біз МСЗО жаңа тұжырымдамасын үкіметке ұсынатын боламыз, ол біздің бюджеттік тапсырысқа енгізілген. Менің ойымша, егер "Қазына" бюджетін парламент мақұлдайтын болса, біз бұл жобаны 2007-жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыра бастаймыз", деді Қ.Келімбетов. Оның сөзіне қарағанда, тұжырымдаманы жүзеге асырудың алғашқы кезеңі үш жылға жоспарланған.

Kazakhstan Today агенттігіне, 2007 жылға белгіленген "Қазына" бюджеті жөнінде берген жауабында Қ.Келімбетов :"барлық даму институттарынына белгіленген 2007 жылғы жалпы бюджет 43 млрд. теңгені құрайды",-деп атап өтті. "Біздің тапсырыс одан көп болатын, алайда үкімет 43 млрд. теңгеге тоқталды. Бұл соманың парламенттен өтер өтпесін көрерміз. Осы сомаға МСЗО даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың алғашқы кезеңі енгізілді ",-деп өз сөзін қорытындылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны