02.07.2012, 09:54 2579

Маусым айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады

азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына баға өткен айда 0,2 пайызға, ақылы қызметтерге - 0,4 пайызға өскен.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Маусым айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына баға өткен айда 0,2 пайызға, ақылы қызметтерге - 0,4 пайызға өскен. Өткен айда бағаның төмендеуі жұмыртқаға 7,1 пайыз, жармаларға - 3,3 пайыз, жаңа жиналған көкөністерге - 1,6 пайыз, ұнға - 0,9 пайызға, май және тоң майға, қантқа - 0,6 пайыздан, жаңа сауылған сүтке, күрішке - 0,2 пайыздан тіркелді. Бағаның жоғарылауы картопқа 7,1 пайыз, ет және құс етіне, алкогольсіз сусындарға - 1 пайыз, жемістерге - 0,5, алкогольдік ішімдіктерге - 0,4 пайызға белгіленген.

Сонымен қатар, есепті кезеңде баға өсімі темекі өнімдеріне 1,2 пайыз, тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуге арналған материалдарға - 0,8 пайыз, үй тұрмысына қажетті заттарға - 0,4 пайыз, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,3 пайызға, киім және аяқ киім, фармацевтикалық өнімдерге - 0,2 пайызға өсті. Дизель отыны 0,3, бензин - 0,2 пайызға арзандады.

Бұдан бөлек, баға деңгейі мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне 0,8 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,6 пайыз, денсаулық сақтау - 0,5 пайызға, көлік, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 0,4 пайызға артқан. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 2,3 пайыз, орталықтан жылытуға - 1 пайыз, қоқыс жинауға - 0,7 пайыз, кәрізге - 0,1 пайызға өсті, ал ыстық суға 0,6 пайызға төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны