08.06.2009, 16:42 3235

Мемлекет басшысы үкіметке еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының бес жылдық жоспарын жасауға бағытталған жұмыстарды жеделдетуді тапсырды

Мемлекет басшысы үкіметке еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының бес жылдық жоспарын жасауға бағытталған жұмыстарды жеделдетуді тапсырды

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының бес жылдық жоспарын жасауға бағытталған жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы президент бүгін дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Индустриялық-инновациялық дамуға қатысты жұмыстарды, соның ішінде Қазақстанның 2020 жылға дейінгі онжылдық дамуы аясындағы бес жылдық жоспарды жасауды жеделдетуді тапсырамын", -деді мемлекет басшысы.

Ол бұған қоса "дағдарысқа қарсы жұмыстар еліміздің стратегиялық мақсаттарын көмескілендіруге, оларды тежеуге тиіс емес", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны