13.07.2018, 18:01 5684

Мемлекеттік бағдарлама бойынша елуден астам алматылық отбасы жаӊа тұрғын үйге ие болды

Бағдарлама Ақмола мен Алматы облыстарын және Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Семей, Көкшетау, Қостанай, Астана, Қарағанды, Петропавл, Рудный, Өскемен, Ақтау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Хромтау қалаларын қамтиды.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 13 шілдесінде Алматы қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін жаӊа пәтерлер кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

"Сатып алу құқығымен жалға берілген тұрғын үй" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныӊ әлеуметтік маӊызы бар бағыттарыныӊ бірі. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы - "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ - 2014 жылдан бастап осы бағытты іске асырудыӊ операторы болып табылады.

2015-2017 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қазақстан Ипотекалық Компаниясы 17 128 пәтер немесе 974,2 мыӊ шаршы метр жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға берді. 2018 жылдыӊ соӊына қарай тағы 80 мыӊ шаршы метрді беру жоспарланып отыр. Сонымен, бағдарламаныӊ әрекет ету кезеӊінде кезекте тұрғандарға арналған 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынады және беріледі.

Бағдарлама Ақмола мен Алматы облыстарын және Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Семей, Көкшетау, Қостанай, Астана, Қарағанды, Петропавл, Рудный, Өскемен, Ақтау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Хромтау қалаларын қамтиды.

Бағдарламаныӊ барлық әрекет еткен кезеӊінде "ҚИК" ИҰ" АҚ Алматыда жалпы ауданы 285,6 мыӊ шаршы метрді құрайтын 5153 пәтерді бөлуге берді.

Бағдарламаныӊ келесі кезеӊін іске асыру үшін 2018 жылдыӊ 13 шілдесінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы кезекте тұрғандарға "Думан-2" ықшам ауданындағы тұрғын үй кешенінде 53 пәтерді тапсырды: 26 бір бөлмелі пәтер (ауданы 52,3 және 61,5 шаршы метр) және 27 екі бөлмелі пәтерлер (ауданы 76,8 және 83,9 шаршы метр). Барлық пәтерлер жалға алушыларға таза әрлеуде берілді және қоныстануға дайын. Жақын жерде мектеп-гимназиясы, балаларға арналған даму орталықтары, мешіт және "Халық Арена" мұз айдыны орналасқан. Кезекте тұрғандар үшін жалдау құныныӊ шаршы метрі айына 1119,23 теӊгені құрайды.

Салтанатты рәсімді "ҚИК" ИҰ" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Руслан Кәкім ашты. Жаӊа тұрғындарға арнаған сөзінде Руслан Қажымұратұлы: "Бүгінгі салтанат - Елбасымыздыӊ бастамасымен жүзеге асырылатын үлкен іс-шараныӊ кезекті кезеӊі. Тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жақсы қарқынмен өсті, 2017 жылы Қазақстанда 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгін біз қаланыӊ экологиялық таза аймағындағы жақсы инфрақұрылымы мен көлікке қолжетімділігі бар ыӊғайлы пәтерлердіӊ кілттерін алатын жаӊа қоныстанушыларды құттықтаймыз. Жақын арада Петропавл мен Ақтаудағы кезекте тұрғандар өз тұрғын үйлеріне ие болады, сондай-ақ, Алматыдағы "Жас Қанат" тұрғын үй кешеніне тұрғындарды қоныстандыру аяқталады".

Жаӊа қоныстанушылар өздерініӊ қуаныштарын білдірді: "Біз қарапайым қазақстандықтарға жеӊілдікті жалдау талаптары бойынша өз баспаналарын сатып алуға мүмкіндік беретін "Нұрлы Жер" тұрғын үй бағдарламасы үшін, біздіӊ Республикамыздыӊ Басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевқа алғысымызды білдіреміз. Біздіӊ мемлекетіміз қазақстандықтарды, еӊ бастысы халықтыӊ еӊ осал топтарын - мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді жалғастыруда!".

"Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға, оралмандарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне арналған.

Сатып алу құқығымен жалға беру мерзімі - 20 жылға дейін. Жалға алу мерзімініӊ соӊында тұрғын үй жалға алушыныӊ меншігіне өтеді. Мерзімінен бұрын өтеуге болады. Жалға алу құны 1 ш. м - Алматы мен Астана қалаларында 1120 теӊгеден аспайды, өӊірлерде - 924 теӊгеден аспайды. Барлық пәтерлер кезекте тұрғандарға таза әрлеуде беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны