13.09.2011, 09:27 2214

Монголия Кеден Одағымен еркін сауда туралы келісім жасамақ

Монғолия таяу уақытта Кеден Одағындағы Қазақстан, Ресей және Беларуспен, сондай-ақ, Жапониямен, одан әрі Азия-Тынық мұхит елдері сауда келісіміне қол қоюшы мемлекеттермен еркін сауда туралы Келісім шартқа отыруды жоспарлап отыр.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Монголия Кеден Одағымен еркін сауда жасау туралы келісім жасамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Монғолия таяу уақытта Кеден Одағындағы Қазақстан, Ресей және Беларуспен, сондай-ақ, Жапониямен, одан әрі Азия-Тынық мұхит елдері сауда келісіміне қол қоюшы мемлекеттермен еркін сауда туралы Келісім шартқа отыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Монғолияның премьер-министрі Сухэбатар Батболд Иркутскдегі Байкал экономикалық форумының ашылуында мәлім етті.

"Кейінгі кезде еркін саудаға келісім жасауға деген тенденция айқын аңғарыла бастады. Осындай тенденцияларды назарға ала отырып, біз өзімізді қызықтыратын экономикалық оңтайландыру формасына қосылу мәселелерін қарастыра бастаймыз", - деген Монғолия премьерінің сөзін "Взгляд" газеті келтіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны