17.05.2010, 16:13 3049

Мұнай секторы кәсіпорындарынан Ұлттық қорға түскен түсімдер 2009 жылы қордан тартылған трансферттердің мөлшерінен асып түсті - Жәмішев

Мұнай секторы кәсіпорындарынан Ұлттық қорға түскен түсімдер 2009 жылы қордан тартылған трансферттердің мөлшерінен асып түсті - Жәмішев

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Мұнай секторы кәсіпорындарынан Ұлттық қорға түскен түсімдер 2009 жылы қордан тартылған трансферттердің мөлшерінен асып түсті. Бұл туралы бүгін қаржы министрі Болат Жәмішев Мәжілісте Қазақстан Республикасы үкіметінің және Есеп комитетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерінің таныстырылымы кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, мұнай секторы кәсіпорындарынан Ұлттық қорға түскен түсімдер 2009 жылы қордан республикалық бюджетке тартылған трансферттердің мөлшерінен 24,8%-ға асып түсті", - деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, "Ұлттық қордың қаржысын тиімді басқару нәтижесінде 2009 жылы 2008 жылғы тапшылықпен салыстырғанда кірістер шығыстардан асып түсті". "2009 жылы кірістердің шығыстардан артуына бағалы қағаздар мен шетел валютасымен жүргізілген операциялардан түскен кіріс басты себеп болды, ал керісінше, 2008 жылы бұл операциялар бойынша шығын болған", - деді ол.

Отырыста ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевпен қатар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев баяндама жасады.

Осы құжаттар бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжол Жазиннің түсіндірмесіне сүйенсек, отырысқа парламент депутаттарымен қатар ҚР Ұлттық банкінің, орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Таныстырылым шеңберінде ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің 2009 жылы Қазақстанның қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың пайдалану қорытындысы жөнінде мәліметі тыңдалады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны