27.01.2014, 19:25 3188

Мұнай және газ министрі жақындағы бесжылдықтың 7 басты бағытын жариялады

"Бесжылдықтың жүйелі жұмысы негізгі 7 бағытқа арналған. Бұлар: табиғи байлық саясатын жетілдіру, мұнай өндірудің тиімді жоспары, газ саласының әлемдік стандартқа сай келуі, мұнай өнімдерінің ішкі нарығын қарқындандыру, ғылыми-технологиялық ғылымды дамыту арқылы жаңа секторлардың пайда болуы", - деді Ұ. Қарабалин.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин жақындағы бесжылдықтың 7 негізгі бағытын жариялады.

"Бесжылдықтың жүйелі жұмысы негізгі 7 бағытқа арналған. Бұлар: табиғи байлық саясатын жетілдіру, мұнай өндірудің тиімді жоспары, газ саласының әлемдік стандартқа сай келуі, мұнай өнімдерінің ішкі нарығын қарқындандыру, ғылыми-технологиялық ғылымды дамыту арқылы жаңа секторлардың пайда болуы", - деді Ұ. Қарабалин.

Оның айтуынша, ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтарындағы Жолдауында айтылған мұнай саласына байланысты тапсырмалар 2014 жылы министрлік атқаратын қызметтердің негізіне айналуы тиіс. Сондай-ақ, табиғи ресурстарды басқаруға арналған ұзақмерзімді уақытты қамтитын тиімді тұжырымдаманың стратегиялық жоспарына айналуы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны