04.02.2014, 19:47 3165

Н. Қаппаров: ЭКСПО-2017 барлық өңірдегі "жасыл" экономиканың қозғаушы күшіне айналады

"Біз мамыр айында ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын бастайтын боламыз. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық стратегия елдің ішінде де де, шекарадан тыс та ұйымдастырылып жатыр. Біз ЭКСПО кезінде қатысушылардың санын көбейту үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізуіміз қажет", - деді Нұрлан Қаппаров.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесінің өткізілуі "жасыл" экономиканың барлық өңірлеріндегі қозғаушы күшіне айналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

"Біз мамыр айында ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын бастайтын боламыз. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық стратегия елдің ішінде де де, шекарадан тыс та ұйымдастырылып жатыр. Біз ЭКСПО кезінде қатысушылардың санын көбейту үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізуіміз қажет", - деді Нұрлан Қаппаров.

Сондай-ақ, ведомство басшысы атап өткендей, министрлікте ЭКСПО өткеннен кейін нысандардың қолдану сұрағы талқылануда.

"Бізде тың ойлар бар, оларды тиімді қалай қолдануға болады. ЭКСПО-2017 көп салалардың дамуына серпін береді. Бұл өңірлердегі "жасыл" экономиканың дамуына серпін береді. ЭКСПО аясында жаңа экологиялық таза энегрия түрлері мен жаңармалы энергияның көздері ғана емес, таза көмір, ядролық технологиялар жағдайы да талқыға түседі. Қазір адамзаттың ойлап тауып жатқаны барлық энергияның түрі қоршаған ортаға зақым келтірмеуі тиіс", - деді Н. Қаппаров.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны