04.05.2014, 19:05 3899

Н. Назарбаев: АДБ 20 жылдық серіктестік қарым-қатынас ішінде Қазақстанға 3,5 млрд доллар инвестициялады

Осы уақыт аралығында банк елімізге 3,5 млрд. долл. инвестициялады. Өткен жылдан бастап Қазақстан донор болды. Біздің мемлекетіміз Орталық-Азиялық аймақтық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына белсенді қатысуда. Бүгінде бағдарлама аясында банкпен бірлесіп елімізде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда", - деді Президент.

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan today. АДБ 20 жылдық серіктестік қарым-қатынас ішінде Қазақстанға 3,5 млрд доллар инвестициялады. Бұл туралы Азия даму банкінің жыл сайынғы 47-інші отырысының ашылу салтатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Бүкіл қазастандықтар атынан Азия даму банкінің басқару кеңесінің 47-інші отырысына қош келдіңіздер деймін. АДБ қатысушы мемлекеттердің барлығына Жыл сайынғы отырысты өткізуімізге сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, ағымдағы жылы Қазақстан мен Азия даму банкінің серіктестік қарым-қатынасыны 20 жыл толады.

"Осы уақыт аралығында банк елімізге 3,5 млрд. долл. инвестициялады. Өткен жылдан бастап Қазақстан донор болды. Біздің мемлекетіміз Орталық-Азиялық аймақтық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына белсенді қатысуда. Бүгінде бағдарлама аясында банкпен бірлесіп елімізде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда", - деп Президент өз ойын толықтырды.

Сонымен қатар ол, бірлескен қызметтің мақсаты Азия аумағындағы экономикманың өсіміне септігін тигізу, деді.

"Қазақстан өзара инвестицияны қорғау бойынша Азияның 14 мемлекетімен келсімге отырды. Жалпы құрылымда Азиялық инвестицияның көлемі 2013 жылы 17%-ға жетті. Азия даму банкі Орталық Азия, Таяу Шығыс, Азияның Оңтүстік-Шығыс елдерінде маңызды инвестиция көзі болып табылады. Оның үстіне банктің беделі Азия және Тынық мұхыттың аумығынан асып кеткен. Оның дәлелі ретінде Азиялық даму банкіне АҚШ, Канада, Германия елдерінің қатысушы болғанын алға тартса балғаны", - деп Н.Назарбаев сендірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны