04.05.2014, 19:13 16378

Н. Назарбаев: Біз Азия-Тынық мұхиты аймағының ішкі интеграциясын бақылаудамыз

" Бізге Азия елдері мен өзге интеграциялық ұйымдармен ынтымақтастық серіктестікті арттыру қажет. Бірлік пен екіжақты табыстың арқасында құрылған аймақтық интеграция қарқынды дамудың негізгі өзегі. Бүгін біз Азия-Тынық мұхиты аймағы ішіндегі интеграциялық үрдіске куә болып отырмыз. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикалық интеграция жылдам дамуда",- деді Н. Назарбаев.

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін АДБ кеңесінің жыл сайынғы 47-ші кеңесінің ашылауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Азия -Тынық мұхиты аймағының ішкі интеграциясын бақылауда екенін айтты.

"Жыл сайынғы отырыста талқыланатын сұрақтар Азиялық аймаққа күн тәртібін ұсынады. Барлығына өзекті сұрақ ретінде дағдарыстан кейінгі экономиканың қайта жаңғыруы болып табылады. Бұл орайда қаржы секторы мен валюталық курстың тиімді реттелуін қарастыру қажет.Көптеген дамыған елдерге құрылымдық өзгерістер енгізуге тура келеді. Шағын және орта бизнесті дамытуға дамыту мен жеке секторды қалыптастыруға жағдай жасау қажет",- деді Н. Назарбаев.

Оған қоса, Президент жоғарғы деңгейдегі елдер үшін білім беру, денсаулық сақтау, халықты кәсіби жұмыспен қамтуға жаңа жағдай жасау қажет екендігін айтты.

" Бізге Азия елдері мен өзге интеграциялық ұйымдармен ынтымақтастық серіктестікті арттыру қажет. Бірлік пен екіжақты табыстың арқасында құрылған аймақтық интеграция қарқынды дамудың негізгі өзегі. Бүгін біз Азия-Тынық мұхиты аймағы ішіндегі интеграциялық үрдіске куә болып отырмыз. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикалық интеграция жылдам дамуда",- деді Н. Назарбаев.

Осы орайда, Қазақстан Еуразиялық экономикалық кеңес жұмысын реттеу жалғасуда.

"Біз Кедендік одақ аясында интеграцияландық, бұл үрдістің қорытындысы нәтижелі болмақ", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны