06.06.2008, 12:53 1448

Назарбаев еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағын ұлғайту қажет деп санайды

Назарбаев еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағын ұлғайту қажет деп санайды

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағын ұлғайту қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін Атырауда Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 19-шы жалпы отырысында пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздің 21 ғасырда тұрақты дамуына қажетті алғышарттардың бірі орны толатын қуат көздерін пайдалану болып табылады, ал іс жүзінде оған біз тіпті кіріскен де жоқпыз", -деді Н. Назарбаев.

"Еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағы қазір небәрі 0,02% құрайды. Пайдалану мүмкіндігі зор жел және күн энергиясының еліміздегі әлеуетін ескергенде, бұл сан бізді мүлдем қанағаттандыруға тиіс емес, ал оларды игеруде әлемде ауқымды тәжірибе жинақталған", -деді ол.

"Инновацияны дамытатын ауқымды сала осы, үкімет осындай жұмысты қолға алуы қажет",- деді президент.

"Тиісті ғылыми орта құрып, оның әлеуетін ашу керек, бұл жерде біздің даму институттарымыз көзге түсуі керек", -деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны