02.03.2007, 12:49 3295

"Нұрбанк" басқармасы мен директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

АЛМАТЫ. 2-наурыз. Kazakhstan Today. "Нұрбанк" АҚ басқармасы мен директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 27-ақпанында компания акционерлерінің жалпы жиналысында Нұрәли Илиевтің банктің директорлар кеңесінің мүшесі өкілеттілігін өткеріп беру туралы хабарландыруы жария етілген болатын. Осыған байланысты банк директорлары кеңесінің құрамына Игорь Егармин сайланды.

Сөйтіп, "Нұрбанк" директорлар кеңесінің құрамына Талғат Жұмадиллаев (төраға), Сағын Қырымқұлов және Игорь Егармин кіреді.

Директорлар кеңесінің отырысында басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып Нұрәли Илиев, басқарма төрағасының орынбасары болып Қуандық Тікішев сайланды. Қазір банк басқармаларының құрамына басқарма төрайымы Гүлмира Жұмадиллаева, банк басқармалары төрағасының бірінші орынбасары Нұрәли Илиев, басқарма төрағасының орынбасарлары Тілеген Сағындық, Арыстанбек Құрманғалиев, Қуандық Тікішев және басқарушы директор Мұрат Еркебаев енеді.

"Нұрбанк" республикадағы он ірі банктің қатарына кіреді. 2007 жылдың 1-ақпананда банк активтері 219 573 059 мың теңгені, міндеттемелері - 195 149 188 мың теңгені құрады. Банктің жеке капиталы 24 423 871 мың теңгені, оның ішінде жарғылық капиталы - 15 млрд теңгеге жетіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны