03.02.2017, 17:54 6705

Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен ҚР Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысы өтті

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен ҚР Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысы өтті. Оныӊ барысында Қазақстанныӊ 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ негізгі қорытындылары қарастырылды.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен ҚР Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысы өтті. Оныӊ барысында Қазақстанныӊ 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ негізгі қорытындылары қарастырылды.

Өз сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентініӊ Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, Үкіметтіӊ арнайы отырысы өткізілгенін мәлімдеді, оныӊ барысында экономикалық өсімніӊ жаӊа моделін құру үшін нақты шаралар жоспары айқындалды.

Сонымен қатар, Үкімет Конституциялық реформаны жүзеге асыруды бастады. Осыған орай мемлекеттік билік тармақтарыныӊ арасындағы өкілеттіліктерді бөлу бойынша сәйкес заӊ жобасы әзірленуде.

"Илем экономикасындағы күрделі жағдайларға қарамастан, өткен жылды біз оӊ нәтижелермен аяқтадық, ЖІӨ өсімі 1% құрады. Оған бірінші кезекте Сіздіӊ дағдарысқа қарсы тиісті бағдарламаларды қабылдау жөніндегі тапсырмаӊыздыӊ арқасында қол жеткіздік. Жалпы, Үкімет экономикалық өсім мен халықтыӊ әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық тапсырмаларыӊызды орындады", - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев ҚР Президентініӊ Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау биылғы жылы Үкіметтіӊ негізгі міндеті болып табылатынын атап өтті.

2016 жылдыӊ қорытындылары бойынша Қазақстан экономикасы 1%-ға нығайды

2016 жылы Қазақстан экономикасы 1%-ға нығайды, соған орай негізгі өнеркәсіптік және бірқатар өндірістік көрсеткіштердіӊ өсімі байқалды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен өткен ҚР Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысыныӊ барысында белгілі болды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндағандай, 2016 жылы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер сыртқы жағымсыз факторлардыӊ ықпалына қарамастан, оӊ деӊгейінде сақталды.

Өткен жылдыӊ басында тауарлық нарықтарда әлемдік бағалар біршама төмендеді. Алайда, соған қарамастан, "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасыныӊ, салалық бағдарламалардыӊ, Үкімет пен Ұлттық банктіӊ Дағдарысқа қарсы жоспарыныӊ аясында қабылданған шаралар еліміздегі экономикалық өсім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы ЖІӨ өсімі 1,0% құрады.

Өткен жылы экономиканыӊ өсіміне ауыл шаруашылығы (өсім 5,5%), көлік (3,8%), өӊдеу өнеркәсібі (0,7%), құрылыс (7,9%) тәрізді салалар оӊ ықпалын тигізді.

Сонымен қатар, 2016 жылдыӊ қорытындылары бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5,1%, 7,7 трлн теӊгеге дейін артты. Инвестициялардыӊ айтарлықтай өсімі ауыл шаруашылығында, тау-кен өнеркәсібінде, саудада, сонымен қатар жылжымайтын мүлікпен операцияларда байқалды.

Сонымен қатар министр биылғы жылы ведомствоныӊ ҚР Президентініӊ Қазақстан халқына Жолдауыныӊ аясында берілген тапсырмаларды, басымдық берілетін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға басты назар аударатынын, сонымен қатар бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту жұмыстарын әрі қарай жалғастыратынын баяндады.

"Біздіӊ болжамдарымызға сәйкес, ағымдағы жылдыӊ қорытындылары бойынша экономиканыӊ 2% кем емес өсіміне үміт артып отырмыз. Салалар бойынша машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, азық-түлік өнімдерін өндіру едәуір өсім береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында, құрылыс секторында, көлік пен логистикада одан әрі өсім болады деп болжап отырмыз", - деп нақтылады Т. Сүлейменов.

2016 жылдыӊ қорытындылары бойынша Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы едәуір өсімін көрсетті

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысы өтті, жиын барысында министрлер кабинеті 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттіӊ орындалуы туралы есеп берді.

Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өз есебінде баяндағандай, еліміздіӊ аграрлық саласы үшін өткен жыл аса табысты болды. Өнімдер өндірісініӊ өсімі 5,5% құрады. Жалпы астық жиынтығы 23,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғыдан 4 млн тоннаға артық. Көкөніс және бақша өнімдерініӊ түсімі жарты миллион тоннаға артып, 5,8 млн тонна деӊгейіне жетті. Бұл тұста өсімдік шаруашылығыныӊ өнімдерін өндіру - 7,8%, мал шаруашылығы - 2,7%, азық-түлік өнімдері - 4% артты.

Негізгі капиталға инвестициялар 1,5 есеге артты. Импорт 13% төмендеді. Астық өнімдерініӊ экспорты 8,6 млн тоннаны немесе өткен жылғымен салыстырғанда 21% артық мөлшерді құрады. "ҚазАгро" желісі бойынша 41 млрд теӊге сомасына 56 инвестициялық жоба енгізілді.

Сонымен қатар, сала жетекшісі Мемлекет басшысыныӊ Жолдауында қойылған міндеттерді шешу үшін негізгі тәсілдерді атап өтті. Атап айтқанда, 11 тиімсіз субсидия түрі алынып тасталады, 35 субсидия түрініӊ нормативтеріне өзгерістер енгізіледі. Соныӊ нәтижесінде бюджеттіӊ сол бір көлемінде өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 7,5 есеге артады. Сондай-ақ, субсидиялаудыӊ тиімділігін одан әрі арттыру үшін сақтандыру бойынша заӊнамаға өзгерістер енгізіледі.

"Сіздіӊ тапсырмаӊыз бойынша өткен жылы 15 мыӊ ЖҚШ қамтумен 157 кооператив құрылды. Олардыӊ базасында жүзден аса сүт қабылдау пункттері мен жеті мыӊ отбасылық мал азықтандыру алаӊдары ұйымдастырылды", - деді А. Мырзахметов Мемлекет басшысына берген есебінде.

Биыл құрылатын кооперативтер саны екі есеге дейін арттырылады. Жалпы, алдағы бес жылда кооперативтердіӊ қызметтерімен жарты миллион ЖҚШ пен ұсақ шаруашылықтар қамтылатын болады.

Жолдау мен АӨК дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында көзделген басқа да міндеттердіӊ қатарында ведомство басшысы мамандар әзірлеуді, тиімді әлемдік технологияларды іздеуді, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаӊартуды, жерлерді пайдаланудыӊ тиімділігін арттыруды және суармалы жерлер аумағын көбейту мен жайылымдарды суландыруды атап өтті.

Инвестициялар тарту жүйесін өзгерту тікелей шетелдік инвестициялардыӊ артуына ықпал етті - Ж. Қасымбек

ҚР Үкіметінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен кеӊейтілген отырыста индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек есеп берді.

Ж. Қасымбек 2016 жылдыӊ 9 айыныӊ ішінде тікелей инвестициялар 4,5 есеге артып, 12,3 млрд АҚШ долларын құрағанын хабарлады. ҚР Президентініӊ тапсырмасына сәйкес инвестициялар тарту жүйесін өзгерту қолға алынған. Шетелдердегі әлеуетті инвесторлармен - бизнес көшбасшыларымен келіссөздерге соӊғы 2 жыл ішінде 12 елдіӊ дүние жүзіндегі аса ірі компанияларынан 300 өкіл қатысқан. Оныӊ ішінде 80 трансұлттық корпорация бар.

2017 жылы 1 млрд АҚШ долларына жуық инвестициялар көлемімен шамамен 40 жоба пайдалануға беріледі. Инвестициялар тартудыӊ қолданыстағы жүйесіне өзгерістер енгізудіӊ жалғасы ретінде биыл Дүниежүзілік банктіӊ сарапшыларымен бірлесіп Инвестициялық стратегия әзірленіп, бекітіледі.

Ж. Қасымбек 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында құны 878 млрд теӊге болатын 130 жоба пайдалануға беріліп, 10 мыӊ тұрақты жұмыс орындары ашылғанын баяндады. Карта жобалары өткен жылы 2,2 трлн теӊгеге өнім өндірген. Оныӊ ішінде 1,4 трлн теӊгесі өӊдеу өнеркәсібіне тиесілі, бұл жалпы сектордан 18% астамын құрайды.

Биыл құны 700 млрд теӊге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылады, оныӊ ішінде 25 жоба бірінші жартыжылдықта іске қосылады. Аталған жобалардыӊ арқасында тағы 10 мыӊ тұрақты жұмыс орын ашылады.

"Жалпы, өнеркәсіп жаӊа жағдайларға, теӊгеніӊ жаӊа бағамына бейімделді. Биылғы жылдыӊ қорытындылары бойынша біз өӊдеу секторыныӊ 2,5% дейінгі өсімін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз", - деді министр.

Өндірістіӊ тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан халқына арналған Жолдауда көрсетілгендей, төртінші өнеркәсіптік революцияныӊ элементтерін жүйелі түрде енгізуге көшу керек. Осы мақсатта әлемдік жетекші компаниялармен серіктестікте биылғы жылдыӊ ішінде жаӊа экономиканыӊ элементтерін кешенді енгізу үшін қолайлы өнеркәсіп секторлары анықталатын болады.

Аталған секторларда Индустрия 4.0 технологияларын енгізу бойынша жобаларды ұйымдастырып, бұл тәжірибені басқа кәсіпорындар мен секторларға одан әрі тарату көзделуде. Ж. Қасымбектіӊ пікірінше, Индустрия 4.0. элементтерін енгізу - бұл кәсіпорындардыӊ бәсекеге қабілеттілігініӊ аса маӊызды факторы ғана емес, Қазақстанға теӊізге шығу жолдарыныӊ болмауы, жаӊа ішкі нарық, біліктілік кадрларыныӊ тапшылығы тәрізді мәселелерді біршама жоюға мүмкіндік береді. Жаӊа индустрияларды құру бағыттарыныӊ бірі электромобильдер өндірісі мен сәйкес инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Осы мақсатта Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес бейінді министрлік Жол картасы әзірлеп, оныӊ жүзеге асырылуы басталады.

2016 жылы Үкімет бюджет бойынша өзініӊ барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық орындады,- деді ҚР қаржы министрі.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндағандай, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджет кірістері 1,3 трлн теӊгеге немесе 25% өскен. Бұл Ұлттық қордан ақша алуды 370 млрд теӊге сомасына азайтуға мүмкіндік берді. Шығыстар 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн теӊгеге артық жүргізілген. Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджеттегі үнем 110 млрд теӊгені құрады.

Қаржы ведомствосыныӊ айтуынша, жыл басындағы мәліметтерге сәйкес бюджеттіӊ барлық деӊгейлерінде қомақты касса қалдықтары бар. Бұл биылғы жылдыӊ басында барлық басымдықты шығыстарды кідіріссіз қаржыландыруға және Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында белгіленген әлеуметтік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

2016 жылы республикалық бюджеттіӊ де, жергілікті бюджеттердіӊ де барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалды. Сонымен қатар, өткен жылы 472 млрд теӊге бөлінген "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасыныӊ жылдық бөлігі толық жүзеге асырылды.

"Заӊдастыру науқаны аяқталды. 5,7 трлн теӊге заӊдастырылды, бұл бастапқы болжамдардан біршама артық. Өткен жылы жалпы сомасы 31 млрд теӊгеге 147 нысан жекешелендірілді", - деп түйіндеді сөзін қаржы министрлігініӊ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны